«Білімді ұрпақ – болашақ жетістігі» тақырыбындағы жалпы білім беретін және мамандықтар бойынша облыстық олимпиаданың сценарийі

0
0
Материал опубликован 28 December 2017

Алматы облыстық білім басқармасы

Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі

«Білімді ұрпақ – болашақ жетістігі» тақырыбындағы жалпы білім беретін және мамандықтар бойынша облыстық олимпиаданың сценарийі


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

«Білімді ұрпақ – болашақ жетістігі» атты

облыстық олимпиаданың ашылу салтанаты

(Фанфар)

1-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, 2016-2017 оқу жылының пәндер және мамандықтар бойынша облыстық олимпиадаға қатысушы білім алушылар!

Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжіне қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Добрый день, Талдыкорганский колледж промышленной индустрии и новых технологии приветствует почётных гостей, педагогов, мастеров и студентов на церемонии открытия областной олимпиады предметного и профессионального мастерства.

1-жүргізуші:

Олимпиадамыздың мақсаты техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы білім алушылардың теориялық және тәжірибелік шеберлігін дамыту, ал міндеттері білім алушылырдың шығармашылық қабілеттерін дамыту; жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету; колледж білім алушылардың мамандық бойынша біліктілігін жетілдіру және жұмысшы мамандығының әлеуметін арттыру болып табылады.

2-жүргізуші:

Целью таких олимпиад является выявление качества подготовки студентов, дальнейшего совершенствования мастерства, закрепления и углубления знаний и умений, полученных в процессе теоретического и практического обучения, стимулирования творческого роста, повышения престижа образовательных учреждений, выявления наиболее одаренных и талантливых студентов.

1-жүргізуші: «Жеке дарын жетілмейді, дарындар сайыса жүріп, бірін-бірі жетелейді» дегендей, білім алушылардың білім білік дағдыларын іс жүзінде сарапқа салатын жауапты күн –ОЛ БҮГІНГІ КҮН. Олай болса осы күннің, яғни олимпиаданың шығу тарихы туралы колледж директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Рамазанов Санат Жұмабекұлының баяндамасын тыңдайық.

(баяндама)

1-жүргізуші: Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де жарқын болуы – рухы асқақ, өресі биік, білімді де талантты ұрпақ қолында –дей келе «Білімді ұрпақ – болашақ жетістігі» атты облыстық олимпиаданың салтанатты ашылуының алғашқы құттықтау сөз кезегі облыстық әдістемелік кабинет меңгерушісі, әділқазылар алқасының төрайымы Қабдұлова Алуа Жанатайқызына беріледі.

1-жүргізуші: Төрешілік ең қиыны жұмыстардың

Қол баласы бұрыспенен дұрыстардың

Қақысы жоқ қателесіп жөн білмеуге

Әділдік қой жалғыз досы жарысқанның

Сіздерді олимпиада қонақтарымен, әділқазы мүшелерінмен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

1-жүргізуші: Олай болса, ғылым мен білімді ең басты қазынам, байлығым деп есептеп, білімнің ең биік шыңдарын бағындыруға жасаған алғашқы қадамдарыңның бірі – бүгінгі жалпы білім беретін және мамандықтар бойынша облыстық олимпиада өтілгелі отырған білім ордасының қысқаша тарихына тоқталайық.

(Слайд +cөз колледж тарихы туралы)

1-жүргізуші: Халқымыздың ата-бабадан келе жатқан ізгі қасиеттерін жас жеткіншектер бойына сіңіретін мектептен кейінгі ортаның бірі - колледж. Осындай талантты шәкірттерімізге ақ тілегін арнау үшін сөз Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің директоры Қоянов Еркінбек Ысқақұлына беріледі.

(сөз)

2-жүргізуші: Темп динамичного развития страны, заданный Лидером нации Н. Назарбаевым, требует наличия образованных, талантливых, креативных молодых людей, способных достойно встретить самые сложные вызовы современного мира.

1-жүргізуші: Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі ел тірегі. Аймағын жеті өзен өрнектеген Жетісу жерінің төрінде Алматы облысының техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелерінен түлеп ұшқан жастар бүгінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның даму болашағын айқындайтын Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, межелі мақсатты жүзеге асырып, Республикамыздың түрлі өндірістерунде, кәсіпорындарда қызмет атқарып, еліміздің қарыштап дамуына өз үлестерін қосуда.

(видео Елбасы туралы)

1-жүргізуші: Тәуелсіз еліміздің ұлдары өжет, қыздары қайратты, халқы қаһарман екендігімен әрқашан да мақтана алатындай болайық. Бізде «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Дәнекрлеу ісі», «Кең бейінді құрылыс шебері», «Газ обьектілерінің құрал – жабдығын пайдалану технигі» мамандықтар дайындалады.

1-жүргізуші: Қысыммен аққан мұнайды

Жібермеуге шыдайды

Біздің салған жігіміз

Мың құбырды құрайды – құрылысшыларымызды қарсы алыңыздар.

(құрылысшылар музыкалық көрініс)

1-жүргізуші: Биылғы жыл еліміз үшін толағай табыстарға толы жыл болды. Елімізде тұңғыш рет бүкіләлемдік 28 – ші қысқы универсиада өтті. Алда халқымыз ұлылығын паш ететін, әлемге ұлықтайтын дүниежүзілік ЭКСПО – 2017 көрмесі өту жоспарлануда.бұл біз үшін үлкен мақтаныш, үлкен мәртебе.

(номер)

2-жүргізуші: Великий Абай мудро сказал: «Нужно учиться, чтобы узнать то, что знают другие народы, чтобы стать равными среди них, чтобы стать защитой и опорой для своего народа». И мы верим, что ваши знания станут надежной опорой развития нашей страны.

2-жүргізуші:

Преодолевая все преграды на жизненном пути,

Год, и два, и много лет подряд,

Будем мы дерзать! Творить! Смелей вперед идти,

Чтобы в биографии страны оставить добрый след! – доргие

гости перед вами со своими достижениями выйдут наши студенты. Встречайте.

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасы Кіші ғылым Академиясы Алматы облысы бойынша ХХVІ облыстық ғылыми – тәжірибелік конференциясында 302 топ білім алушысы Ағыбаева Линара, 31 топ білім алушысы Қапасов Ерасыл «Электроэнергиясын алудың тиімді жолдары» ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі физика пәнінің оқытушысы Исабекова Лазат Кенесбековна.

2-жүргізуші: На этой же конференции награждается дипломом ІІІ степени обучающися 17 группы Мухамеджанов Еламан по теме «Паровой двигатель», научный руководитель: Жанар Ерназаровна Ерназарова

1-жүргізуші: Дәл осындай ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған 106 топ білім алушысы Базарбекұлы Қайсардың «Монғолиядағы қазақтардың салтындағы монғолдық әсерлер» тақырыбындағы жұмысы, ғылыми жетекшісі: Салыков Бейбіт Тлеубекович

2-жүргізуші: Так же награждается дипломом ІІІ степени обучающися 22 группы Ясулов Исмаилдың с темой «Анализ практического применения английского языка в жизней людей через названия магазинов», научный руководитель: Смагулова Актоты Сапаргалиевна

1-жүргізуші: осындай ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған 106 топ білім алушысы Касымбекова Арай «Қазақ халқының шамаларды өлшеу жүйесін тарихи-математикалық мағлұмат ретінде пайдалану» ғылыми жетекшісі: Алия Иембергеновна Кошкарбаева

2-жүргізуші: награждается дипломом ІІІ степени обучающися 11 группы Аманжолов Рахат «Қазақ үйді автоматты түрде құрастыру» научный руководитель: Нүсіпхан Ахатович Касенов;

1-жүргізуші: Кошкарбаева Алия Иембергеновна ғылыми жетекшілігімен 106 топ білім алушысы Базарбекұлы Қайсардың «Жасанды интеллект негізінде адам ауруының диагнозын анықтайтын автоматтандырылған қосымша» тақырыбы алғыс хатқа иеленіп, Республикалық Кіші ғылым Академиясына ұсынылды.

2-жүргізуші: WordSkills байқауында 1-ші орын иеленген 33 топ «Дәнекерлеу ісі» мамандығының білім алушысы Рыспеков Ильяс.

(достижения студентов за 2016-2017 учебный год)

2-жүргізуші: Сильные умами, духом не сломленные,

Идущие вперед, целеустремленные.

Легко Вам не будет, и это логично,

Но Вы молодые и энергичные.

Итак, перед вами наши газовики и электрогазоварщики.

(WordSkills байқауындағы көрініс-би)

1-жүргізуші: Жасампаз елдің жастарына әркез сеніммен қарайтын Елбасы: «Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады», - деген еді. Оның «Өмір бойы білім алу» қағидаты әр ұрпақтың ұранына айналуы тиіс. Өйткені адам үнемі ізденісте болады, білімділікке талпынады, даналыққа жол ашады – дей келе Олимпиаданың өткізілу тәртібі мен ережелері жөнінде хабарлама жасау үшін сөз колледжіміздің әдіскері Абдибекова Айгул Джалелқызына беріледі.

1-жүргізуші: Дорогие друзья приглашаем вас в учебные кабинеты.

2-жүргізуші: Сіздерге табыс, жаңа жеңістер тілейміз!


 

в формате Microsoft Word (.doc / .docx)
Комментарии
Комментариев пока нет.