Статья на тему «Рост благосостояния Казахстана: улучшение качества жизни и процветания»

1
0
Материал опубликован 18 June 2019

Деннің саулығы-жанның саулығы

Елбасы Н.Назарбаев кезекті жолдауын жолдады. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру​» деп аталатын маңызды құжатта медицина саласына да зор мән беріліп, ақ халаттыларға үлкен сенім артқаны айқын. Медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуы да орынды айтылған. Оған дәлел жолдаудағы Елбасының «ең алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет.Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсырамын» деген сөзі. Аталмыш мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі жылы 5 миллиард теңге бөлінетінінде баса айтты.

Ал,денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында барлық учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы сатылай 20%-ға артатынын айтты. Яғни, бұл - 10 мыңнан аса учаскелік дәрігер мен 30 мың медбикенің жалақысы жаңа әдістерді меңгеру деңгейіне қарай келесі жылдың соңына дейін өседі деген сөз. Бұл медициналық көмектің сапасын жақсартуға, негізгі аурулар кезінде асқынулар мен ауруханаға жатқызу санын азайтуға, сондай-ақ балалар мен жүкті әйелдерге сапалы медкөмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан, адам өмірінің арашаларына жасалған ілтипатты ұғына отырып, елге игілікті қызмет қылу-міндет екен

в формате Microsoft Word (.doc / .docx)
Комментарии
Комментариев пока нет.