Көмірсулар. Моносахаридтер мен дисахаридтер, полисахаридтер (9 класс)

0
0
Материал опубликован 14 January 2019 в группе

64 сабақ

Химия

Күні:

Сабақ тақырыбы:

Көмірсулар. Моносахаридтер мен дисахаридтер, полисахаридтер.

Сілтеме:

Жалпы білім беретін мектептің 9 – сыныбына арналған оқулық «Химия» Алматы «Мектеп» 2012, Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина, орта мектептің 8-11 сынып оқушыларына арналған оқу құралы Химия есептері мен жаттығуларының жинағы Алматы «Рауан» 1997 Я.Л.Гольдфорб, Ю.В.Ходаков, Ю.Б.Додонов, Химия жұмыс дәптері, Н.Нұрахметов, К.Сарманова, Н.Заграничная,Алматы «Мектеп» 2008ж.

Жалпы мақсаттар:

Көмірсулардың түрлерімен танысу.

Көмірсулардың жалпы қасиеттері жайлы мәліметті меңгерту. Аминқышқылдарың құрамы,олардың функционалды топтары, қасиеттері туралы білімді қалыптастыру; олардың белоктар түзуге қатысуына көңіл аудару

Күтілетін нәтижесі

Оқушылар көмірсулардың түрлерімен танысады.Көмірсулардың жалпы қасиеттері жайлы мәліметті меңгереді. Аминқышқылдарының екідайлы қаситерін ескеріп,тиісті реакция теңдеулерін жазады

Сабақтың көрнекілігі

Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, интерактивті тақта, маркер, қарындаш, плакаттар, слайдтар. 9-сынып электрондық оқулық. АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар, ББү кестесі

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Оқушыларды топқа бөлу элементер таңбасы арқылы.

Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.

Қызығушылықты ояту

І-тапсырма. Сұрақ-жауап.

1. Сабын деген не?

2. Сабын мен синтетикалық жуғыш заттардың айырмашылығы неде?

3. Сабынның қандай түрлерін білесідер және олар қандай мақсатта қолданылады?

4. Сабынды өнеркәсіпте қалай алады?

5. Синтетикалық жуғыш заттардың қалдықтары табиғатта қандай зияның тигізеді?

6. Күнделікті өмірде сабынның қандай маңызы бар екенін айтып беріңдер.

ІІ-тапсырма. Тест жұмысы (4-сұрақ)

1. Синтетикалық жуғыш заттар кермек суда жуғыш қасиетін сақтайды, өйткені:

A) Олардың кальций және магний тұздары суда жақсы ериді. B) Көбік түзеді.

C) Кальций және магний иондарымен әрекеттеспейді . D) Гидролизге ұшырамайды.

E) Гидролиз кезінде алынған қышқылды кальций мен магний иондары байланыстырып тұнба түзеді.

2. Кермек суда сабын жуғыш қасиетін жоғалтады, себебі:

A) Ерімейтін кальций тұзын түзеді.

B) Шамалы активті қабықтың әлсізденуі. C) Көбік түзбейді.

D) Натрий тұздары түзіледі. E) Сабын гидролизденетін сілтілік орта береді.

3. Сабынның формуласы-

A) С17 Н35СООNaB) С15Н31СООНC) С17Н35СООНD) CH3ONaE) C6 H5ONa

4. Сабынның құрамына кіретін қышқылдар

A) пальмитин және стеаринB) олеин және пропион қышқылдары

C) акрил және майD) капрон және құмырсқаE) валериан және сірке

Жаңа сабақ

Моносахаридтер. Моносахаридтер молекуладағы көміртек атомдарының мөлшеріне қарай ажыратылады да, осыған орай триоза, тетроза, пентоза және т. с. с. болып аталады. Глюкоза (жүзім қанты) — Денеге тез және жеңіл сіңетін қанттың қарапайым түрі. Ол жемісжидектерде және балда болады, денедегі суды қалпына келтіруге пайдалануға арналған ақ ұнтақ түрінде сатылады. Глюкоза — моносахарид тобындағы көмірсутек. Тамақ өнеркәсібінде, медицинада және аналитикалық химияда реактив ретінде қолданылады. Өсімдік жемістерінде және жануар организмдерінде болатын жүзім қанты. Сахароза, лактоза құрамына кіреді және крахмал, гликоген, целлюлоза түзеді. Глюкоза маңызды зат алмасу азығы болып есептеледі, тірі тіндерді энергиямен қамтамасыз етеді. Адам организміндегі қандағы глюкозаның керекті мөлшері (100 мг % шамасында) гликогеннің синтезі мен ыдырауы арқылы тұрақтандырылады. Өндірісте Глюкозакрахмалды гидролиздеу арқылы алынады.

1. Табиғатта глюкоза фотосинтез реакциясы нәтижесінде түзіледі.

Дисахаридтер – құрамында екі моносахарид қалдығы бар көмірсулар. Тотықсызданбайтын (сахароза, трегалоза) және тотықсызданатын (лактоза, мальтоза) кейбір Дисахаридтер табиғатта бос күйінде таралған. Жоғары олигосахаридтерді немесе полисахаридтерді біртіндеп гидролиздеу арқылы алады.

Дисахаридтер молекулалары өзара оттек атомы арқылы жалғасқан моносахаридтердің екі қалдығынан құралады. Құрылыстары жай эфирлерді еске түсіреді:

R' - О - R"

R' мен R”— моносахаридтер қалдықтары оттек "көпіршесі" арқылы жалғасқан. Дисахаридтерге: сахароза, лактоза, мальтоза, т.б. жатады. Дисахаридтердің құрылысы мен кейбір қасиеттерін сахарозаның мысалында қарастырайық.С12Н22О11. Сахароза көптеген өсімдіктерде, қант қызылшасында, қант қамысында, сәбізде, қауында, қайың мен үйеңкінің шырындарында болады.Сахароза — ақ түсті кристалды зат, суда жақсы ериді, дәмі тәтті, балқу температурасы 184-185° С. Сахарозаны балқытып, содан соң қатырса, аморфты мөлдір масса карамель түзіледі.Сахарозаның ерітіндісі мыс (II) гидроксидімен әрекеттескенде, ашық көк түсті ерітіндінің түзілуі, сахарозаның көпатомды спиртке жататынын көрсетеді

Сахароза, негізінен, тағам ретінде, кондитер өнеркәсібінде қолданылады. Оны гидролиздеп, жасанды бал алады. Адам және жануарлар организмінде ферменттердің әсерінен ыдырайды. Сахарозаны өнеркәсіпте қант қызылшасынан және қант қамысынан алады.

Сахароза этил спиртін алуда маңызды өнім болып табылады.

Дисахаридтерді сатылап гидролиздеп полисахаридтерден алуға болады:

(C6H12O5)n + nH2O → n/2 C12H22O11

Полисахаридтер, гликандар — молекуласында гликозидті байланысқан 10-нан артық моносахарид қалдықтары бар көмірсулар. Полисахаридтердің молек. массасы бірнеше мыңнан (ламинарин, инулин) бірнеше млн-ға дейін (гиалурон қышқылы, гликоген) жетеді. Полисахаридтерге моносахаридтердің бір ғана түрінен немесе әр түрінен құралатын целлюлоза, крахмал, хитин, пектиндік заттар, гликопротеиндер, гепарин, т.б. жатады. Полисахаридтер сілтіге төзімді, қышқылда диполимерленеді, суда жақсы ериді. П-дің биологиялық маңызы әр алуан.

Полисахаридтер табиғи жоғары молекулалы қосылыстар. Полисахаридтердің жалпы формуласы (С6Н10О5)n, көптеген моносахарид молекуласының қалдықтарынан тұрады. Макромолекуладағы моносахаридтер қалдықтары полисахаридтерде де оттек "көпіршесі" арқылы жалғасқан:

...R — О — R — О — R...

Өсімдіктер мен жануарлар организмінде ферменттердің әсерінен фотосинтез нәтижесінде түзілген моносахарид молекулалары поликонденсацияланып, полисахаридтер түзіледі:

6СО2 + 6Н2О → С6Н12О6 + 6О2

nС6Н12О6 → (С6Н10О5)n + nH2O

Полисахаридтердің маңызды өкілі — крахмал мен целлюлоза.

Тапсырмалар

І-тапсырма. Сұрақ-жауап.

1. Фотосинтез реакциясының тіршілік үшін қандай маңызы бар?

2. Көмірсулардың қандай түрлерін білесіңдер?

3. Глюкоза табиғатта қандай заттардың құрамында кездеседі?

4. Глюкозаның физикалық қасиеттері қандай және ол қайда қолданылады?

5. Сахароза қайда кездеседі және адам үшін қандай маңызы бар?

6. Сахарозаның физикалық қасиеттері мен қолданылуы жөнінде айтып беріңдер.

7. Крахмал табиғатта қалай таралған, қандай заттардың құрамында кездеседі?

8. Крахмалдың физикалық қасиеттері мен қолданылуы жөнінде айтып беріңдер.

9. Целлюлоза табиғатта қайда кездеседі?

10.Целлюлозаның қолданылуы жөнінде айтып беріңдер.

ІІ-тапсырма. Есеп шығару.

1. 243 г целлюлозаны (С6Н10О5)nгидролиздегенде түзілетін моносахаридтің массасы (г)

Шешуі: (C6Н10О5)n + nH2OnC6Н12О6

М(C6Н10О5) = 162 г/моль

2М(C2Н5ОН) = 92 г/моль

М(C6Н12О6) = 180 г/моль

х г C6Н12О6---- 243 г C6Н10О5

180 г C6Н12О6 ---- 162 г C6Н10О5

2. Күміс (I) оксидін глюкозамен тотықсыздырғанда 54 г күміс алынды. Тотыққан глюкоза массасын есептеңіз (г)

Шешуі: С6Н12О6 + Аg2OС6Н12О7 + 2Ag

М(С6Н12О6) = 180 г/моль

2М(Ag) = 216 г/моль

54 г Ag---- х г С6Н12О6

216 г Ag ---- 180 г С6Н12О6

3. Глюкоза 78,4 г мыс (II) гидроксидімен тотыққанда түзілетін қышқылдың массасы (г)

Шешуі: С6Н12О6 + 2Cu(OН)2 → С6Н12О7 + Cu2О + Н2О

М(С6Н12О7) = 196 г/моль

2М(Cu(OН)2) = 196 г/моль

78,4 г Cu(OН)2---- х г С6Н12О7

196 г Cu(OН)2 ---- 196 г С6Н12О7

4. 90 г глюкоза мыс (II) гидроксидімен әрекеттескенде түзілетін мыс (I) оксидінің массасы (г)

Шешуі: С6Н12О6 + 2Cu(OН)2 → С6Н12О7 + Cu2О + Н2О

М(С6Н12О6) = 180 г/моль

М(Cu2О) = 144 г/моль

х г Cu2О ---- 90 г С6Н12О6

144 г Cu2О ---- 180 г С6Н12О6

Бағалау

Формативті бағалау: екі жұлдыз, бір ұсыныс.

Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына критерий арқылы бағалайды

Кері байланыс

Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы

Үйге тапсырма

 
в формате Microsoft Word (.doc / .docx)
Комментарии
Комментариев пока нет.