Металдар мен құймалар
Бөлім: |
Металдар мен құймалар |
Педагогтің аты-жөні: |
Жолтай Гүлназ |
Күні: |
|
Сыныбы: |
9 |
Қатысушылар саны: |
|
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Металдардың жалпы сипаттамасы |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: |
-9.1.4.1 – металдық байланыс пен металдық тор жайындағы білімдерін қолданып, металдардың қасиеттерін түсіндіре алу; -9.1.4.2 - металдарға тән физикалық және химиялық |
Сабақтың мақсаты: |
Периодтық жүйедегі металдардың орнына сәйкес қасиеттерін білу; Металдардың өздеріне тән физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттау. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы. 5 минут. |
«Металдардың жалпы сипаттамасы» тақырыбын ашу мақсатында бірнеше сұрақтар қою, арнайы жауап парақтарын тарату: 1. Металдар 2. Шаруашылықта қандай металдар қолданылады? 3. Адам ағзасы үшін металдардың қандай маңызы бар? |
Оқушылар берілген жауап парағына сұрақтар бойынша өз жауабын жазады. Және сұрақта ға жауап бере отырып жаңа тақырыптың мазмұнын түсінеді. |
Оқушылардың тыңдау және ойды еркін жеткізу дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. |
Арнайы жауап парақтары, оқу құраладары |
Жаңа сабаққа кіріспе. 15 минут |
Сабақтың мақсатын анықтау. 9.1.4.2 - металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттау және металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіру. Өтілетін тақырыпқа байланысты мағлұматтар презентация арқылы беріледі [6]. Сонымен қатар оқушыларға сабақ барысында кездесетін тақырыпқа байланысты ағылшынша-қазақша сөздік беріледі. |
Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдап, металдар туралы жалпы мәлімет алады. Сабақта берілген маңызды мәліметтерді дәптерге түсіріп отырады. Және берілген тақырыпқа байланысты сөздіктермен танысып шығады.
|
Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Оқушылардың өздігінен білім алу қабілеттері артады.
|
Презента |
Сабақтың ортасы. |
Оқушыларға тапсырма Сілтеме: немесе https://testmoz.com/q/11538210. Құпия сөзі: 123456788 |
Оқушылар берілген сілтемеге өз аты-жөндерін толық жаза отырып кіріп, өзіндік жұмыстарды орындайды. Тапсырмаларды берілген уақыт ішінде берілген сөздіктер мен мәліметтерді қолдана отырып өз беттерінше орындайды. |
Оқушылардың танымдық дағдысы мен өздігінен білім алу қабілеттері артады. Бағалау: қосымшаның «results» бөліміндегі оқушылардың тест нәтижелері арқылы бағаланады. |
«Testmoz» қосымшасы. |
Сабақтың соңы. 5 минут |
Оқушылармен өзіндік жұмыс нәтижесіне талдау жасайды. Оқушылармен қатемен жұмыс жасайды. Үй тапсырмасына металдарға байланысты терминдерді ағылшын тілінде үйренуге беріледі: Тотықсыздандырғыш Тотықтырғыш Алюминий Калий Қосылыстар Балқу температурасы Химиялық қасиеттер Физикалық қасиеттер Тығыздық Металдардың активті қатары.
|
Оқушылар тапсырған өзіндік жұмыстары бойынша тест нәтижелерін алғаннан соң, мұғалімнің қатысында қатемен жұмыс жасайды. Сұрақтарды талдайды. |
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша алған білімдерінің қателіктерін жөндей отырып, білімдерін жетілдіреді. Саралау, ой-пікір қалыптастыру, еркін сөйлеу қасиеттерін қалыптастырады.
|
«Testmoz» қосымшасының «Results» ,-бөлімі. |