Оттегі. Оксидттер. Жану

0
0
Материал опубликован 14 December 2015

Тақырыбы: «Оттегі. Оксидтер. Жану» тарауына қорытынды сабақ.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушының өзіндік ізденуін ұйымдастыру және танымдық іс- әрекеттерін жетілдіріп, білімді тиянақтауға үйрету. Дамыта оқыту жүйесін пайдалана отырып, жай заттардың қасиеттерін зерттеуді, оқушылардың өз бетінше жұмыс жасап, қорытындылауға үйренуге бағыттау, ойын элементтерін қолдана отырып ойлау дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тақырып бойынша оқушыларға терең білім беру.


Дамытушылық: оқушылардың өзіндік ізденуін ұйымдастыру және танымдық іс-әрекеттерін жетілдіріп, білімдерін тиянақтап, дамыту. Оксидтердің түрлері, аталуы, жану реакциялары туралы біліктерін қалыптастыру. Оқушылардың зейінін, танымдық белсенділігін, өзіндік пікірін қолдау, есеп шығару арқылы логикалық ой-ұшқырлықтарын, тұлғалық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушылардың ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ауаның тазалығын сақтау туралы экологиялық проблемаларға назарларын аудару, ұйымшылдыққа, бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: бекіту, қорытындылау сабағы

Cабақтың түрі: қайталау, бекіту

Сабақтың әдісі: Тақырыпқа байланысты білімді жүйелеу, жеке және ұжымдық, интерактивті оқыту әдісі.

Көрнекілігі мен құрал жабдығы: Д. И.Менделеевтің периодтық

кестесі, газ жинайтын құрал (тұрғы, сынауық, спиртшам, марганцовка, хим.стакан) интерактивті тақта, бағалау парағы, тірек сигналдары, карточкалар, химиялық құрал-жабдықтар

Пәнаралық байланыс: биология, математика, физика, экология

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі – 2 минут (оқушыларды түгендеу, құрал- жабдықтарын тексеру, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін ояту, жауап парағын тарату.)

ІІ. Психологиялық дайындық 1-2 минут

ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау және бекіту тапсырмаларын орындау. Мұғалім:

Ол заттың иісі де, дәмі де жоқ,
Болмаса ол, Жер бетінде өмірде жоқ.
Ақыры жанған отың тұтанбайды,
Қалады қарауытып, көмір боп шоқ, - бұл жұмбақ не туралы айтылған?

Дұрыс айтасыңдар: оттегі туралы. Осы жұмбақпен келісесіңдер ме? Неге? Осылай оттекке сипаттама бере отырып, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
Біз сендермен «Оттегі. Оксидттер. Жану» тарауын аяқтадық. Енді бүгін алған білімдеріңді тексеремін. Бірақ бүгінгі тексеру ерекше формада өтеді. Сабақ барысында берілген тапсырмаларды алдарыңда жатқан парақтарға толтырасыңдар, сабақтың соңында тапсырмаларды дұрыс және толық толтыру деңгейлеріне қарап, баға қоямын. Дайынбыз ба? Онда бастаймыз! Сәттілік тілеймін!

Сонымен, назарымызды тақтаға аударайық:

1 тапсырма: Оттектің жалпы сипаттамасы және табиғатта таралуы тақырыбына «Сәйкестігін тап» тестін толтыру

Оттектің ПЖ орны 8

САМ 15,9994

Атмосферада оттек бос күйінде 21%

Жер қыртысында 49,13 %

Адам организмінде 65 %

Атом құрылысы 168 О(8p,8n)

Сұйылады -183

Қатады -218

Электрондық конфигурация 1s22s22p4

Жазып болсаңдар жауабын тақтаға қарап тексерейік. Неше сұраққа дұрыс жауап бердіңдер, сонша ұпай өздеріңе жазып қойыңдар. Осы тестке тағы қандай сұрақ қосар едіңдер?

2 -тапсырма: Физикалық қасиеттері. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз.

Оттек . . . . . , . . . . . , . . . . . газ. ХҮІІ ғасырда тәжірибе жүзінде ағылшын химигі . . . . . . . . мен швед ғалымы . . . . . . оттекті бос күйінде алды. 00-та және 1 атм. қысымда (101,325 кПа) оның 1 литрінің массасы . . . . , ал ауанікі- 1,29 г тартады. Қалыпты жағыдайда судың 100 көлемінде . . . көлем оттек газы ериді. Оттек . . . . .0С-та сұйылады, . . . .0С-а қатады.

Жазып болсаңдар жауабын тақтаға қарап тексерейік. Неше сұраққа дұрыс жауап бердіңдер, сонша ұпай өздеріңе жазып қойыңдар.

3-тапсырма: Оттекті газы үшін қай суреттегі жинау тәсілі дұрыс емес? Себебін түсіндір.

Жазып болсаңдар жауабын тақтаға қарап тексерейік.

4-тапсырма: Оттегін қайда сақтау қажет? Қандай қысымда?

1 2 3 4 5 6 7 8 9

Жазып болсаңдар жауабын тақтаға қарап тексерейік.

5-тапсырма: Оттектің химиялық қасиеті.

«Оттегі туралы ертегі» (Ертегіні оқу барысында оқушылар реакция теңдеулерін жазады)
Оттек к
өп қабатты үйдің 2 – қабатында тұрады. Ол бірде өзін сынамақ болып «Мен қандаймын, көршілеріме барсам, мені қалай сыйлар екен?» деп көршілерін араламақ болады. Ол бірінші пәтердің бірінші қабаттағы көршісіне барып, ондағы элементпен қосылып айдын көлге айналады:
2 + О2 = 2Н2О
То
ңып қалған оттек жылыну үшін екінші қабаттағы № 6 пәтердің есігін қағады. Оттек осы пәтердің иесімен қосылып жанып, жарық бөледі:
С + О
2 = СО2
Көміртектің үйінен шығып, сол жақ көршісіне соғып кетпекші болады. Осы пәтерге кірген бойда найзағай ойнап, аспан айналып жерге түскендей болады:
N
2 + О2 = 2NО – Q
Қатты дауыстан қорқып, үшінші қабатқа шығады. Алдында № 15 пәтердің есігі ашық тұр екен, оттек осында кіреді. Бөлме іші кенеттен жап - жарық болып, ашық жалынмен жанып, бөлме іші ақ түтінге толады:
4Р + 5О
2 = 2Р2О5
Бұдан соң оттек № 14 пәтерге келіп, екеуі қосылып топырақ пен сазға айналды:
Si + О
2 = SiО2
Оттек өзінің осындай қасиетіне таңдана түседі. Ол енді металдар орналасқан қабаттарды аралап көрмекші болады. Сырт көзге жанбайтын, бойында мықтылық, беріктік қасиеті бар көршісі – темірдің үйіне ақырын тарсылдатып, кіріп еді ол жалын және түтін шығармай шатырлап жанып, қуанып темір қағына айналды:
3
Ғе + 2О2 = Ғе3О4
Оттек осылай бірнеше пәтер иелерімен қосылып, өзінің «оксидтер» деп аталатын қосылыстарының көп екеніне қуанады. Алайда, ол № 2, 10, 18 пәтер иелерімен қосылыс түзе алмайтынына қатты өкінді. Галогендермен, криптон, ксенон, алтынмен жанама жолмен әрекеттесіп қосылыстары болатынына риза болды. Оттек өзінің белсенді элемент екенін осылай дәлелдеді.

Жазып болсаңдар жауабын тақтаға қарап тексерейік. Неше сұраққа дұрыс жауап бердіңдер, сонша ұпай өздеріңе жазып қойыңдар.

6-тапсырма: Оксидттер.

Берілген оксидттердің химиялық формуласын құрыңдар.

Мыс монооксиді

Күкірт триоксиді

Димарганец гептаоксиді

Дитемір триоксиді

7-тапсырма: Озон

Егер төменде келтірілген реакция теңдеуіне сүйенсек, онда озонды алу үшін қай суреттегі құрал қажет? Себебін түсіндір.

у.к. сәулелер немесе электр тогы

23

А)

Б)

В)
 

8-тапсырма:

Зертханада оттекгі көп мөлшерде қажет болды, қай заттан алар едің? Неге, себебін түсіндір.

KMnO4

KClO3

Fe2O3

H2O

P2O5

 

9-тапсырма: Қолданылуы: Қай суретте оттегіні пайдаланатыны көрсетілген. Коллаж жасау. Оқушылар екі топқа бөлініп, суреттерді жабыстырады және қорғайды.

Сабақты аяқау:

Қызық, думан өміріміз ғаламат.
Бар тірі зат бізден
ғана нәр алады.
Қыруар істің қайсысында болса да, 
Күнделікті оттек жүр ғой аралап.

Үй жұмысы: Өздерінің қалауы бойынша таңдайды:

Оттегі” тарауына 10 сөзден тұратын сөзжұмбақ

Оксидтер” тақырыбына 10 сұрақтан тұратын тест

Озон қабықшасының қазіргі мәселелері” реферат

Ауа құрамын зерттеген ғалымдар” реферат

Бағалау:

5” - 35- 39 ұпай

4” - 28-34 ұпай

3” - 24-27 ұпай

Рефлексия

Эмоция

1

2

3

4

5

6

Жұмыс басында

           

Жұмыс ортасында

           

Жұмыс соңында

           

Егер уақыт қалса PISA- байланысты логикалық сұрақар қою.

в формате Microsoft Word (.doc / .docx)
Комментарии
Комментариев пока нет.