Авторская учебная программа «ХАЛЫҚ ӨНЕРІ АСЫҚ ОЙЫНЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ»
Облыстық білім беру басқармасының
Дене тәрбиесінің аймақтық оқу-практикалық орталығы
ХАЛЫҚ ӨНЕРІ
АСЫҚ ОЙЫНЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қизат Саят Қизатұлы
Павлодар қаласының №1
жалпы орта білім мектебінің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Павлодар -2017-
Т
3
үсінік хат
Бұл жинақта қазақтың ұмытылып бара жатып, қайта қолға алынып келе жатқан ойындарының бірі – асық ойындарының түрлері жинақталған.Асық ойындарының түрлері жинағын әдістемелік көмекші құрал ретінде қолдануға болады. Асық ойындарын үзіліс кезінде, сабақта, үйірмелерде, арнайы дәрігерлік топтағы оқушыларға үйретіп, ойнатуғаболады. Қазақтың ұлттық ойындарыоқушылардың дене тәрбиесінде олардың денсаулығын жақсартып, өмірлік маңызды қимылдық бейімділіктерін қалыптастыра отырып , қазақ халқының мәдени тарихына шолу жасайды . Олар оқушыларға белгілі бір тәрбиелік әсерін тигізеді: ептілік пен икемділікке, дәл көздегіштікке, табандылыққа, ұстамдылыққа, ұйымшылдыққа, жолдастық өзара көмекке, саналы тәртіпке үйретеді.
Бұл ойынәдебиет, тарих,дүниетану және математика т.б пәндермен тығыс байланысып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттырады. Ойын кезінде иірген жерге түскендегі тұрысының өздерінің ерекше атаулары бар. Мысалы « Асығың алшысынан түссін» -деген сөз жақсы тілекпен бір.Сондықтанда асық ойынының тәрбиелік мәні зор.
Асық ойынын әсіресе дене шынықтыру сабағынан денсаулығына байланысты босатылған оқушыларға ойнатуға болады. Біріншіден асық химикатсыз таза табиғи заттан, екіншіден ойын қауіпсіз, үшіншіден арнайы ойын алаңы мен арнайы киімді қажет етпейді.
Осы ойын түрлерін жинақтаудағы мақсатым оқушыларды осы ойын түрлерімен таныстырып, үйретіп қызғушылықтарын арттырып, насихаттау.
Алшы. |
Тәйке.
|
Шіге. |
Бүге. |
Ату элементтері жоқ асық ойындары
Бұл ойындарды 6-14 жастағы балаларға үйде, сабақ үзілістерінде, дене шынықтыру сабағы соңында оқушылардың жай-күйін қалыпқа келтіру үшін қолдану ұсынылады.
1. «Хан талапай»
«Хан талапай» ойынын 2-4 ойыншы ойнай алады. Ойыншылардың келісімі бойынша әр ойыншы асық тігеді. (сурет 1)
Сурет 1
Мысалы: 2 ойыншы 5 асықтан.
Қызыл асық «Хан» , басқалары ойыншылар тіккен асықтар.
Ойынды бастаушы сақа салыстыру арқылы белгіленеді.Ойынды сақасы қарсыласынан бұрын алшы немесе тайке тұрған ойыншы бастайды. (сурет 2)
Сурет 2
Бастаушы ойыншылар тіккен 10 асыққа «Хан» деп белгіленген қызыл түсті асықты қосып екі қолмен жерге шашып жібереді. (сурет 3)
С
Аттас түскен асықтарды саусақ ұшымен, (сурет 4)
Сурет 4
немесе ептеп шертіп атады. (сурет 5)
Сурет 5
Тигізген асықтарын алып отырады, бұл ұтыс. Ату кезінде басқа аттас емес түскен асықтарға тиіп кетсе, кезек қарсыласқа өтеді. Келесі ойыншы қалған асықтарды алып екі қолымен шашып жібереді де, әрі қарай ойынды жалғастырады.
Егер асықтар аттас түспесе кезек келесі ойыншыға өтеді. (сурет 6)
Сурет 6
Ойын соңында «Хан» мен бір асық қалады. (сурет 7) Ол асық «Ханмен» аттас түсіп ұтып алынса сол ойыншы келесі ойынның бастаушысы болып белгіленеді.
Сурет 7
«Хан» талапай жағдайы:
«Хан» алшы тұрса. (сурет 8)
Сурет 8
«Хан» тәйке тұрса. (сурет 9)
Сурет 9
«Хан» басқа асыққа тиіп тұрса. (сурет 10)
Сурет 10
Ату кезінде «Ханға» тиіп кетсе, ойыншылар «Хан талапай» деп айғайлап ортадағы асықтарға таласады.
Ескерту: аттас түскен асықтардың ортасында аттас емес асық тұрса (сурет 11) бас бармақпен басып жабыстырып алып өтуге болады. (сурет 12)
Сурет 11
Сурет 12
2. «Келтірмек»
«Келтірмек» ойынын 2-4 ойыншы ойынайды. Ойынға неше асықты тігуді ойыншылар келіседі. Мысалы : 2 ойыншы 2 асықтан. (сурет 13)
Қызыл және көк – сақалар, ақ асықтар – ойыншылардың тіккен асықтары.
Сурет 13
Ойыншылар өз сақаларын қосып бір ойыншыға береді. Ол сақаларды салыстырады, яғни ортаға тобымен тастайды. Салыстыру кезінде сақаларының алшы, тәйке тұруына сәйкес ойыншылардың кезегі анықталады. Бір салыстыру кезінде екі сақаның бірі алшы екіншісі тәйке түссе алшы озады.
Мұнда: қызыл сақа бастаушы. (сурет 14)
Сурет 14
Салыстырушы әр ойында кезекпен ауысып отырады. Ойыншылар кезегі анықталған соң, бастаушы бастап тігілген асықтарға өз сақасын қосып ортаға тобымен тастайды. Сақасымен аттас түскен асықтар ұтып алынған болып табылады.
Мұнда: қызыл сақа бір асық ұтты. (сурет 15)
Сурет 15
ақ сақа екі асық ұтты. (сурет 16)
Сурет 16
Осылайша ойыншылар кезектесіп тігілген асықтар таусылғанша ойынды жалғастыра береді.
Қызыл сақа шік, асық бүк, демек ұтыс жоқ. (сурет 17)
Сурет 17
Көк сақа мен асық аттас. Ақ сақа ұтып алды. (сурет 18.)
Сурет 18
Ойын барысында қызыл сақа бір асық, ақ сақа үш асық ұтты.
Нәтижесінде көксақа бір асық ұтып алды.
3. «Гүлемей»
«Гүлемей» ойынын 2 ойыншы ойнайды. Неше асықпен ойнауды ойыншылар өздері келіседі. Мысалы: 1 асықтан. Ойыншылар өз асықтарын ортаға кезекпен гүлейді.(Гүлеу- ойыншының асықты ортаға шиыра тастауы).
Асықтардың түсу деңгейіне қарай кезек белгіленеді. Мысалы: мұнда ақ асық «бастаушы». (сурет 19).
Сурет 19
Бастаушы асықтарды алақанына алып отаға тастап жібереді. Асықтардың түсуіне қарай мынаны тауып бер дейді (алшы,қос алшы, тәйке, қос тәйке, шік, қос шік, үш шік, бүк,қос бүк, кейде барлық асықтар аттас түсуі мүмкін.
Мұнда: қос бүк. (сурет 20).
Сурет 20.
Бастаушы қос бүк тауып бер дейді
Екінші ойыншы бастаушының қимылын қайталап оның көрсеткенін тауып беруге тырысады. Бұл жердеекінші ойыншының асықтары тәйке және бүк түсті. Қос бүкті таба алмады, демек бастаушы ұтты. (сурет 21).
Сурет 21.
Егер бастаушының көрсеткенін тауып берсе «ұтыс», барлық асықтарды өзіне алады.
4. «Қағу»
«Қағу» ойынын 2-4 ойыншы ойнайды. Кішілеу 5 асық таңдап алынады.(сурет 22)
Сурет 22.
Ойыншылар келісімімен мәре белгіленеді. Мысалы 20 ұпай.
Бір қолдың уысында ұстап тұрып, (сурет 23)
Сурет 23
жоғарыға лақтырып қол сыртымен қағып алады.(сурет 24.) Мұнда 4 асық.
Сурет 24
Қол сыртына түскен асықтарды жоғары лақтырып қол ішімен жоғарыдан төмен қарай қағып алады.(сурет25). Мұнда 3 асық қағып алды.
Сурет 25. Қол сыртына түскен асықтарды түгел қағып алса,
сонша ұпай қосылады.
Егер қағып алмаса ойын кезегі келесі ойыншыға ауысады, Осылайша ойыншылардың бірі 20 ұпай жинағанға дейін жалғасады. Ойыншылардың бірі мәреге жеткен соң қарсыласының жинаған ұпайларын осылайша кері шегере отырып 0-ге дейін қайтарады.
Ескерту: Ойыншылардың ұпайы 20 дан аспауы керек. (ұпайы 18 болса 2 асықтан артық қағуға болмайды, қол сыртына 2- ден артық асық түссе ойын кезегі қарсыласқа өтеді.
Қағып алынған бір асықты 1, 10, 100 деп санауға болады.
5. «Орда»
Ертеден келе жатқан асық ойындарының бірі. «Орда» екі топтың ойыны, оның негізгі мәні - хан ордасын басып алуда болып келеді. «Орда» елітіп әкететін, ойнаушыларды көп тартатын, адамның күш-қайратын арттыратын ойын. Мұнда дененің бұлшық еттерін, қол мен аяқ буындарын керіп, денені шынықтыратын ерекше гимнастикалық қимылдар, жаттығулар да көптеп ұшырасады.
Ойын тәртібі: ойнаушылар тобының әрқайсысы 6-10 адамнан құралады. Ойнау үшін диаметрі 16 см шеңбер сызылады. Бұл алаң таза әрі тегіс болуға тиіс. Шеңбердің нақ ортасындағы 1-2 см ойыққа «хан» қойылады, бұл диаметрі - 6мм, қалыңдығы - 2мм дөңгелек қалақ мүйіз (немесе сүйек, металл) болады, оған қоса үш асық саналады. «Ханның» айналасына әр ойыншыға бестен есептеліп, бір қатар бес асықтан тігіледі. Мәселен, екі топта 20 ойыншы болса, 3 асық - 2 асыққа саналатын ханның өзін қоса алғанда 100 асық болып келетін 95 асық тігіледі.
Бұл ойынның да екі түрі бар.
1. Топай - ірі қараның асығы (тәуірі тайыншаның асық жілігінің асығы). Бұл қолға тоқ келеді.
2. Мүйіз қалақ - әдетте, тік бұрышты етіліп текенің мүйізінен жасалады, ұзындығы 8 см, ені 6 см және қалыңдығы - 2,5 см болады.
Ойынның басында әр ойыншының қатарда тұрған асықтарды 3 мәртеатуға қақысы болады, мұны басшының айтуымен атады. Әрбір сәтті атқаннан кейін, ойыншының қосымша атуға қақысы болады. Қосымша ату санына шек қойылмайды.
Ойынның мәні-әр топтың «Орданы» талқандап бұзып, барлық әскерімен қоса, «ханды» тұтқынға түсіру болып келеді.
«Орда» шеңберінен атылып алынған асықтар мен «хан» «тұтқындалған» болып есептеледі. Бірақ шеңбердің ішіне кіргеннен соң 3 асық атып алмай тұрып, «ханды» немесе асық қатарын атуға болмайды. Ал шеңбер ішіне, егер шеңбер сыртында тұрып атқанда асық пен сақа қайсы асықтан немесе шеңберден кемінде 40 см алыс қалса ғана кіруге болады. Жамбыл, Қызылорда облыстарында, атап айтқанда, қырғыз бен қазақ жайлайтын Шу өңірінде топаймен емес, қалақпен де ойнайды. Қазір көбіне-көп қолданылып жүрген бірыңғай ереже бойынша, осы екі сақаның кез келгенін пайдалануға болады, бірақ сақаға байланыссыз ату тәсілі бірыңғай болып келеді.
Ату түрлері мынадай:
1. Ұра ату - шеңбердің сыртында тұрып ату.
2. Қыңқайта ату - егер асық шеңбер сызығынан едәуір алыс жатса, оны алыстан көздеп атпай, қыңқайтып жайпай атқантәір болады. Бұл үшін ойыншы бір аяғын шеңбер сызығы үстіне қойып, екінші аяғын өзінің қалауынша қадап асық бүйірінен, яғни орталық (кіндік) арқылы атудан гөрі ең қысқа аралықтан атып түсірілетіндей әдіспен атылады. Егер мұның алдында асық атылып алынған болса, осы тәсілді пайдалануға рұқсат етіледі.
3. Қадап ату- асық шеңбер сызығынан бір метрдей ары жатпаса, оны қадап атады.
4. Төрден ату - асық шеңбер сызығынан 40 см-ден ары жатпаса немесе шеңбердің үстінде жатса, ал сақа шеңбер ішінде болса, төрден атады.
5. Шертіп ату - жоғарыдағы ату тәсілдерінің қайсыбіреулерінен кейін бар асықтар атылып алынып, ал сақа ату алаңында қандайда бір асыққа, ханға немесе шеңбер ортасына жақын қалса, осы тәсіл қолданылады, аралығы 40 см-ден аспау керек.
6. Бүйірден ату. Бұл тәсіл - төрден атудың бір түрі. Құламаған асықтарды атып алу үшін кез келген тәсілді қолдануға болады. Мұнда бос қолын арқаға қайырып ұстайды да, бір аяғын сызық үстіне қойып, екінші аяғын кейін басады.
Ойын қарсы жақтардың ойыншыларында бірде бір асық қалмағанша созыла береді. Осы кезде кішкене ойықта жатқан «ханды» атып түсіру басталады. Егер топ барлық асығынан айырылып қалғанымен, «ханды» болса, онда ойынды жалғастыра беруге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда осы топтың әр ойыншысы бір-бір реттен атуға мүмкіндік алады.
Қазіргі кезде ойын ұзақтығы шектеліп, көбіне екі сағаттан аспай жүр. Егер осы уақыттың ішінде бір де бір топ жеңіске жетпесе, ойын тоқталады да, жеңіс атып алынған асық санына қарай анықталады. Атып алынған асық саны тең болса, ойын да теңге саналады. Ал егер, ойынға арналып белгіленген уақыт ішінде «ханды» атып түсіру шарт болса, (оған әр топтан бір ғана ойыншы қатыстырылады), онда ойын бір ойыншының «ханды» басып алуына дейін жалғаса береді.
Жалпы, «Орда» ойынын ойнауда қатаң талаптар қойылып, нақтылы ережелер басшылыққа алынады. Онда ойын барысында жол берілмей, тыйым салынған 15-ке тарта іс-әрекеттер бар. Мысалы, шерту тәсілінде табан мен тізеден басқа дененің немесе киім-кешектің еш жерін жерге тигізбеу керек, сондай-ақ сақаны да, ойын барысында, қолдан-қолға ауыстыруға болмайды, т.б.
6. «Алшы ойыны»
Асық ойынында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдап алынады. Сақа болатын асық салмақты, ірі болуға тиіс. Ол көбінесе еркек қойлардың, не қошқарлардың асығы болып келеді. «Алшы ойыны» сақаның салмақты да алшы тұрғыштығына байланысты. Бұл ұту үшін өте қажет.
«Алшы ойынын» ойнаушыларға шек қойылмайды. Ойын басталар алдында, ойын жүргізуші, барлығының сақаларын жинап алып, ойында әркімнің кезегін белгілеу үшін, яғни, кімнен кейін кім асық ату керектігін анықтау үшін, сақаларды иіреді. Иірген кезде кімнің сақасы алшы түссе, сол бірінші, тәйке түссе екінші, бүк түссе үшінші, шік түссе одан кейін асық ататын болады. Атқан кезде сақасы мен асығы бір жақты түссе, атқан асығын алып, әрі қарай ата береді. Енді бірде асық атқан кезде сақасы алшы түсіп, асық кез келген жағында жатса да асықты алады, тағы атады, ал сақа мен асық екеуі екі түрлі түссе, онда алмайды. Ол атуды тоқтатып, кезекті келесі ойыншыға береді. Екінші ойыншы өз кезегінде сақасын иірген кезде тәйке түссе, онда өзінен кейін кезекте тұрған ойыншы көмбеде тұрып оның тәйке түскен сақасын атады, тигізсе, сақа иесі ойыннан шығып қалады, тигізе алмаса, өзі ойыннан шығады. Кезек алу үшін сақаларын иірген кезде бүк, шік түскен ойыншылар өз кезектерімен көнге тігілген асықты ата береді. Осы ретпен көндегі асықты атып тауысқанға дейін ойнайды да, асықтарын қайта тігіп, ойынды жалғастыра береді.
7. «Асықты тігіп ойнау»
Бір топ бала, жастар жиылып келіп, тегіс жерді таңдап алады да оны тазартып, ортадан төрт бұрышты сызық сызады. Сол төрт бұрышты ортасынан тең етіп екіге бөледі. Әр жағының қашықтығы балалардың жас мөлшеріне қарай белгіленеді. Сонда 1-1,20 см немесе 1,5 метрге дейін болады. Мұны «көн» деп атайды. Сонда ойнаушылардың өзара келісімі бойынша көннен 4-5 м. не одан да көп мөлшерде асық ататын орын белгіленеді. Оны сызықпен белгілейді. Ойыншылар осы жерден тұрып көндегі асықты ататын болады. Ойынды кім бірінші болып бастайтынын сақа иіру арқылы анықтайды. Сақасы алшы түскен ойыншы бірінші болып ату кезегін алады.
Ойыншы асыққа дәл тигізіп, оны көнбе сызығынан шығарса, оны алады да, сақасы түскен жерден қайта атады. Сөйтіп көннен шығарғандарын ала береді. Егер оның сақасы көндегі асыққа тимей кетсе, асықты келесі ойыншы атады. Ал тігілген асықтарды бұзып, бірақ көннен шығара алмаса, қалған ойыншылар асықтарды сол жатқан қалыбында атып, көннен шығарып алуға тиіс. Ойын көндегі асықтар бойынша біткенше ойнала береді. Көндегі асық біткен соң, ойынға қатынасушылар бір-бірден көнге қайта асық тігіп, ойын қайта басталып, жалғаса береді.
8. «Тас қала»
Асық ойынының ендігі бір түрі -«Тас қала» деп аталады. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Олар тегіс жерді таңдап алып шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды. Сонан соң асық тігілген жерден ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7-8 метрден кем болмайды. Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы түссе ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады. Алшы бірінші, тәйке екінші, бүге үшінші, шіге төртінші.
Егер ойыншының асығы омпа түссе, онда ол алшыдан жоғары болып есептеледі де, бірінші орынды сол алады. Егер де екі не үш адамның асығы бірдей не алшы не бүк, не шік, не тәйке түссе, онда саңалар қайта иіріледі.
Атушы «Тас қалаға» саңасын дәл тигізіп, бір асықты шеңберден шығарса, ойынды жалғастырып, саңасы түскен жерден қайта атады. Шеңберден атып шығарған асықтарын ала береді. Егер бірінші атушы тигізе алмаса, онда екінші ойыншы атады. Егер атқан ойыншы «Тас қаланы» бүзып, бірақ асықты шеңберден шығара алмаса, онда айыбын қосып «Тас қаланы» қайта түрғызады. Егер атушы тас қаланы бұзып бір асықты шеңберден шығарса, онда қалған асықтарды шеңберден шығара алмаганға дейін ата береді. Қалған ойыншыларды бүзылған «Тас қаланың» бытырап жатқан қалдықтарын атып алады. Көнде жатқан асықтар түгелдей біткен соң, ойын қайта басталады.
9. «Хан»
Асықпен ойнайтын ойынның бір түрі-«Хан» ойыны. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойынға қатынасушылар көнге қаншадан асық шығаратынын алдын ала келісіп алады. Көнге жиналған асықтарды бір жерге басын қосып біріктіреді. Сонан кейін көп асықтың ішінен бір белгілі асықты «хан» сайлайды. Екінші ойыншылар көнге жиналған (әр ойыншы не бес, не он асықтан қосуға тиіс) асықты иіретін ойын жүргізуші тағайындап алады. Ол жиналған асықты ортаға екі қолдап иіріп тастай береді. Барлық асықтарды иіріп болған кезде «хан» көп асықтың арасында көрінбей қалуы мүмкін, мұндай жағдайда ойнаушылардың барлығы асықты иірушінің «ханды қара басты» деген даусын естігеннен кейін бассалып асықтарды талап алады. Екінші жағдайда иірген асықтардың арасында «хан» ашық жатса, онда «ханмен» бүк жатқан асықты ату керек, ойын солай жалғаса береді. Ойынның шарты бойынша «Ханмен» асықты атқан кезде басқа асықтарды қозғауға болмайды. Сөйтіп, ойын шарты бұзылғанға дейін немесе барлық асық атылып болғанға дейін ойын жүре береді.
Бұл ойын ойыншыдан өте ептілікті талап етеді. Егерде ойыншы, қалай болса солай, дөрекілік көрсетсе, қимылында ептілік болмаса, онда ол ойыншы ұтылады. Сондықтан ойын қатынасушылардан байыптылық, ұстамдылықпен қоса өте ептілік қасиеттерді талап етеді. Бұл қасиет келе-келе ойыншының әдетіне айналып, жақсы дәстүрге тәрбиеленуге, өзін-өзі басқара білуге машықтандырады.
10. «Құмар»
Асықпен ойнайтын ойынның тағы бір түрі - «Құмар». Бұл ойынды үлкен-кіші демей ойнай береді. Ойынға қатынасушылардың саны 5-6 адамнан аспауы керек. «Құмар»- үйде, аулада, тақыр, тегіс жерде отырып ойнайтын ойын. Ойынға төрт асық қажет. Олар мұқият тазартылып, түрлі-түсті бояуға боялады. Ойынды кімнің бірінші болып бастайтыны асық иіру арқылы шешіледі. Алшы -бірінші, тәйке -екінші, бүге -үшінші, шіге -төртінші т. с. с. кезек алады. Асықтың жоғарыда айтылған төрт түрлі түсетін, негізгі төрт қыры болады. Сондай-ақ оларды мал атауымен де атайды. Алшыны - жылқы, тәйкені - түйе, бүгені - қой, шігені - ешкі деп атайды. «Құмар» деп сол төрт асықтың бір түрлі түсуін айтады. Мысалы төртеуі де алшы түссе - «Құмар» болады, ол төрт ұпай алады, тәйке-үш, бүге-екі, шіге-бір ұпайдан алады.
Ойыншы төрт асықты уысына алады да, қолын тұқыртып ішке қарай айландыра еденге шаша тастайды немесе алақанына салып, қолын сыртқа қарай серпіп, еденге тастай береді. Ұтылған адам ұпай төлейді. Келісім бойынша ән айтып, күй шертеді. Ертеде терме айтып, арты отбасылық ойын-сауыққа айналған.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1.Е.Сағындықов «Қазақтың ұлттық ойындары»; Алматы «Рауан» 1991 ж.
2.Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз»; Алматы «Жазушы» 2002 ж.
3.К.К.Юдахин «Труды института востоковедения» Москва 1940 ж.
4.«Мектептегі дене шынықтыру» журналы; «Қазақтың ұлттық ойындары», .Жолымбетов; №1, 2009ж
5 .«Мектептегі дене шынықтыру» журналы; «Халық ойындарын дене тәрбиесінің көп салалы құралы ретінде пайдалану», А.Асарбаев;№3,2008ж
6. «Мектептегі дене шынықтыру» журналы; «Ұлттық ойындардың тарихы,мәні,мазмұнымен ережелері», Қ.Рымбаев; №4, 2007ж
7.«Мектептегі дене шынықтыру» журналы; «Ұлттық ойындарды дене тәрбиесі сабақтарында қолданудың әдістемесі», А.Асарбаев №3.2009
8.Қ.Омаров. «Ұлттық ойындар»; Алматы «Жазушы» 2001 ж.
9.Р.Ахметжанов. « Ойын-сауық »;Алматы « Рауан » 2005ж
21
Анна Анатольевна
Кузовлева Нина Алексеевна
Андрей Анатольевич
Кузовлева Нина Алексеевна
Анна Анатольевна