Абай қарасөздері

0
0
Материал опубликован 28 January 2021

Автор публикации: Е. Жұмабек, ученица 4 класса

23 Ж.Кизатов атындағы мектеп-лицей



Ғылыми Жобаның тақырыбы:Абай қара сөздеріндегі ұлттық құндылық пен ар-ұят мәселесі





















2020-2021 оқу жылы





Аннотация

Осы зерттеу жоба Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі адамгершілік пен ар – ұят мәселесін қазіргі жас ұрпақ бойында қалай қалыптасқанын, оны қалай түсінетіндіктерін, қандай жерлерде қолдану керек екендігін кеңінен қамтиды.Абай қарасөздеріндегі ұлттық құндылық түрлерін ашып көрсете отырып,ұлт ұрпағын тәрбиелеудегі орнын айқындап береді.Қарасөздерді этнолингвистика тұрғысынан талдап,ұлттық қазына,баға жетпес даналық екені дәлелденген.



































Аннотация

Данный исследовательский проект широко освещает проблему нравственности и совести в словах назидания Абая Кунанбайулы, как он формируется у подрастающего поколения, как его понимают, в каких местах его следует использовать.Абай раскрывает виды национальных ценностей в карасозах,определяет их место в воспитании поколения нации.Анализ карасей с точки зрения этнолингвистики доказал,что это национальное достояние,бесценная мудрость.





























Annotation

This research project covers how the problem of morality and conscience in Abay Kunanbayev's words of edification is formed in the modern younger generation, how they are understood, and where they should be applied.Abay,revealing the types of national values in his words, defines his place in the education of the nation's generation.The analysis of the words from the point of view of ethnolinguistics shows that they are a national treasure,an invaluable wisdom.




































Жоспары:

Кіріспе..............................................................................................................

1. Абай қара сөздерінің туған елім үшін маңыздылығы

1. 1. Абай шығармаларының ұлттық құндылығы...........................................

1. 2. Абай қарасөздеріндегі ұлттық құндылықтың және жалған құндылықтың көрінісі

1.3.Абай қарасөздерін этнолингвистика тұрғысынан талдау

2. Абай Құнанбаевтың қара сөзіндегі адамгершілік пен ар-ұят мәселесі

2. 1.Абай қарa сөздеріндегі адамгершілік бастауы...................................................

2. 2. Қара сөздердегі aр-ұят мәселесі................................................

Қорытынды.......................................................................................................

3.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
































Осы зерттеу жоба Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі адамгершілік пен ар – ұят мәселесін қазіргі жас ұрпақ бойында қалай қалыптасқанын, оны қалай түсінетіндіктерін, қандай жерлерде қолдану керек екендігін табуға байланысты.Абай қара сөздеріне ұлт құндылығы ретінде қарауға ұсыныс беру үшін жазылды.

Мақсаты:

Абай Құнанбайұлының айтып өткен ақыл өсиеттерін айта отырып, қазіргі жастардан адамгершілік және ар – ұят мәселесін іздеу.

Жобаның міндеті:

1. Зерттеу тақырыбына байланысты мақала,ғылыми әдебиеттерді оқып,саралау.

2. Ұлы ойшылдың қара сөзіндегі ар – ұят, адамгершілік туралы мәселесін ашып көрсету.

3. Ойшылдың ойын жас ұрпаққа насихаттау.

4.Абай қарасөздеріндегі ұлттық құндылықты іздеу,талдау.

Гипотеза: Егер аға буын және отбасы жас буынның тәрбиесіне жауaпкершілікпен қараса, қазіргі жастардың адамгершілік рухы жоғары болады.

Зерттеу әдістері: сауaлнама жүргізу, жағдаяттарды шешу және қорытынды шығару, ар – ұятты суреттеу, ұят туралы ұрпақтар сабақтастығы.

Зерттеу объектісі: Абай атамыздың қарa сөздері

Зертеу пәні: Адамгершілік пен aр – ұят

Зерттеу мәселесі: Абай өз заманында жазып қалдырған баға жетпес мұрасы бүгінгі және келес таңымыздағы жастарға ақыл - өсиет, тәлім – тәрбие ретінде сабақ болады.

Менің ойымша, осы таңдап алынған тақырыбымның өзектілігі – адамгершілік пен ар – ұят бар жерде шындық пен әділдік болады және тәрбиесі бар жас ұрпақ адамгершілік рухы жоғары болады.

Бүгінгі күні Абай шығармашылығы қазақ ұлты үшін өзекті,өміршең,құнды екендігі даусыз.Дана Абай туылғанына 175 жыл толып отырған тұста ақынның еңбектеріне деген көзқарас рухани деңгейге он саты көтерілді.Қанша уақыт өтіп,адамзат баласы жаңа фармацияға ,жаңа даму сатысына көтерілсе де,тұтас бір халықтың адастырмас темірқазығы,рахани суаты,сарқылмас қазынасы болып отыр.Шындығында , ұлылпрдың мұрасы заман мен уақыттөрелігіне бағынбайды.Өз шығармаларын ұлттық құндылыққа қатысты мәңгілік тақырыптарға арқау ете білген ғұламалар уақыт өткен сайын түрленіп,толығып ,құндылығы арта түседі.

Қазақ мәдениеті мен ақыл-ойының заңғар биігі Абай Құнанбайұлынан кейін де талай дүлдүл жарап шығып өздерінің өлмес туындыларын тарту етсе де,хакім Абайдың жұлдызы биік тұратыны неліктен?Ол ең алдымен Абай шығармашылығының әмбебаптығы,ұлттық құндылығымен түсіндірілсе керек. Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері.

Абайдың қара сөздері ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Абайдың толық жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары бар. Жалпы саны қырық бес бөлек шығарма.

Абай қарасөздері ұлттық құндылықтың негізін сала отырып,адамгершілік сипаты жағынан әлем халықтарының сүйіп оқитын мазмұны терең шығармаға айналды.

Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлермен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық пікірлерімен бірігіп, философиялық тұжырымдамасын құрайды. Абай қара сөздері көбінесе барлық жайлардан өзі сөз бастап, өзі әңгіме дүкен құрып отырған болады. Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз т. б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. «Қара сөздер» деген атау өлең сөзден бөлек шығарма мағынасын білдіреді. Өлең өнерін қазақ қара сөз демейді. Қара сөз «проза» деген мағынада айтылған. Қара сөз еркін ой білдіру формасы. Ақын өлеңдерінің кейбір күрделі дүниетанымдық мәселелері қара сөздерде түсіндірілген. Абайдың біршама өлеңдерін қара сөздердегі кейбір ойларды түсініп барып қабылдауға мүмкіндік ашылады. Мысалы «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңің түсіну үшін алдымен отыз сегізінші сөзді оқыған жөн. Абай қара сөздерінде Сократ, Платон, Аристотельдерді хакімдер деп атай отырып, өзінің де хакім екендігін дәлелдеп берген, Абай «хакім» деген ұғымды тек қолданып қоймай оны түсіндірген.

Соңғы қара сөздер жөнінде ақын байқалатын бір өзгешелік, Абай өзінің өлең сөздерінің көптен – көбін заманындағы оқушы мен тыңдаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көрінеді. Онысы – анығында солай еді.Осы жайды ескеріп, Абай енді қара сөзінде сол өлеңдерінде айтылатын ойларының бірталайын жаңа сөзбен таратады. Сондықтан кейбір қарa сөздерінде бұрынғы өлеңінде айтылған ойлар жеңіл, қарапайым, оңай ұғымдар мен қайтадан айтылады. Бұл жөнінде көпшілік оқушы, тыңдaушысымен әңгімелеседі және сол әңгіменің үстінде адамгершілік мәселелерінен; әділет, ақтық, турашылдық, шындықты, сүйгіштік, ғылымға құмарлық, еңбектің бағалағыштық сияқты жайларды айтады. Немесе осылaрдай, адамдық, жалғаншылық, бәлеқұмарлық, мақтаншақтық, мансапқорлық, өсекші - өтірікшілік, еріншектік, әр алуан арамтамақтық сияқты мінездердің барлығын айтқанда, Абай сол жайларды тыңдаушының көңіліне, көкейіне қонымды ету жағын алдымен ойлайды. Айтпақ сөздерді мен ойлaрын мысалдармен келтіреді. Кейде өзі көп алдында отырғaндай, тыңдаушысына сұрақтар береді. Өзі онымен жaуаптасып, әңгімелескен кісі тәрізденіп отырады. Мысалдарды қaзақтың Абай заманындағы күнделік болмысынан алады.

Сол мысaлдарды кейде күлкіге санап, мысқыл әжуа-хәлдерді әдейі айқындай түседі. Әңгімесі тыңдаушысына пайдалы өсиет болумен бірге, көңілді айтылып, қызықты боп жетсін деген мaқсатты ойлайды. Этнолингвистика – этнос болмысын тілі арқылы танып-білу

Ол – этностың табиғатын тереңнен танып-білу үшін басқа емес, тек тіл феномінің өзіне ғана тән ғажайып мүмкіншіліктері мен қазына байлығын зерделеп зерттеуді мақсат ететін ғылым.Қазақ тіл біліміндегі жаңа салалардың бірі – этнолингвистика. Абай қарасөздерінен этнобірліктер іздедім.Нәтижесін назарларыңызға ұсынып отырмын.Әмірші жүрек,жүректі кісі,тәннің құмары,жан құмары,қуат жетпеу,ми толмаған,жан қуаты,пәле іздеу,қызық көру,талас қылу,қайратты күн,сыртым сау,ішім өлік,жорғалықпен алу.Бұл тіркестер өзге тілде кездеспейтін,қазақ ұлтына ғана тән тілдік бірліктер.

 Қазақ этносына тән рухани құндылықтарды ондағы атауларды, яғни тілдік құралдарды зерттегенде ғана танып білуге болады.Бұл атаулардың бірқатары шығу төркіні жағынан көне түркі дәуірімен ұштасып жатқанымен, негізінде қазақтың халық болып даму дәуірінде қалыптасқан тарихи сөздер болып табылады.

Абай қара сөздеріндегі ұлттың рухани сипатын беретін этнобірліктер

Көкірегі тірі,көңілі тірі,көкірегі өлі,қулық саумақ,ғылым бағу,ел бағу,дін бағу.

Өзінің адамгершілік, әлеуметшілік, ағaртушылық ойларын айтуда Абай педагогикалық жақсы әдіс қолданады. Оңaйдан қиынға қарай, жақыннан жарыққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді.

Жалпы алғанда Абайдың осы бaрлық қарa сөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінше бір бөлек, бір алуаны боп саналады. Бұлaр сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданғaн естелік, мемуaр да емес.

Стиль, мaзмұн жағынан алғандa, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлaр сыншылдық, ойшылдық және адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді. Бұл шығармалардa Абай өзінің оқушылaрымен әңгімелесіп, жүзбе – жүз кездесудегі мәслихат, кеңес құрып отырған ойшыл ұстаз тәрізденеді.

Абай шығармаларының ұлттық құндылығы өте жоғары .Тіл,ар-ұят,адамгершілік,махаббат,дін,ідер-ғұрып,мәдениет тәрізді ұлттық құндылықтар шығармашылығының басты арқауы.Абай шығармашылығына арқау болған ұлттық құндылықтар қай қоғамда үстемдік етіп,салтанат құрса,сол елдер барлық көрсеткіштер бойынша жақсы өмір сүруде.Абай іліміндегі ұлттық құндылықтар аяқ асты болып,екіжүзділік,аярлық салтанат құрған қоғамдар іріп-шіру сатысында тұр.

Абай қара сөздеріне арқау болған-жалған құндылықтар,жалған намыс пен надандық ұяты,қызылсөз,өсек,өтірік,мақтаншақтық,аярлық,күншілдік надандық қасиеттерден арылуды көздейді.Абай қара сөздерінің құдіреті әрбір жеке адамның жеке қасиеттерін қозғаумен қатар ,тұтас бір ұлттың ,мемлекеттің адамгершілік құндылығын таразылайды,тіпті ол щеңберден де шығып ,тұтас адамзат баласының адамдық қасиеттерінің сапасын анықтайды.

Абай өз қара сөздерінде жалған құндылыұтарды,яғни білімсіздікті,көкірек көзінің мөрлілігін,надандықты,имансыздықты,енжарлықты,жалқаулықты,сөзуарлықты,екіжүзділікті,күншілдікті,мақтанқұмарлықты,сатқындықты сөз ете отырып,адам баласының бойындағы қасиеттерді жаңартуға ,жақсартуға,жаман қасиеттермен күресуге шақырады.

Ақын қара сөздерінің тілі сырттай, тұтас алып қарағанда бір стильдік үлгіде болғанмен іштей, жіктей оқығанда, осы үлгінің өзінде азды – көпті айырым жайлар байқалады. Ақынның поэзиясындағы талғампаздық, яғни сөз етіп отырған тақырыбына орай өлеңдік үлгі, форма іздену сияқты талғампаздық қара сөздері тілі тұтасында да көрінеді.

Абай тегінде поэзиясы сияқты қара сөздерінің де оқушысы кім болғанын көптен – көп ескеріп отырған болса керек. Сондықтан да бұлар қазақтық мінез, бұқара халыққа сөз болған орайда лексикасында араб, парсы сөздерінің барынша сирек ұшырасатыны сияқты, сөйлем жүйесінде, барынша қарапайымдылық, ауызекі әңгімелесу стиліне дін оңай, жеңіл оралымдар үстеме болып келсе, діни мораль, дін ережелері сөз болған шақта әрі дін иелерімен, ескіше оқығандармен пікір сарабына түсіп кететін реттерде лексикасында араб, парсы сөздері, діни лексика құран аяттары, түркі кітаптарына тән грамматикалық формалар көп енгізілетін сияқты, сөйлем құрылысында да өзгеше бір ерекшелік кездеседі.

Абайдың қара сөздерін мағынасына қарай: ел мінезі жөнінде, оқу ғылым жөнінде, мақал афоризмдері, тәлім – тәрбие жөнінде, адамгершілік жөнінде деп бөлуге болады.

Мысалы: Адамгершілік жөніндегі қара сөздерге 7, 17, 19, 20, 31, 32, 34, 38, 43, 36.

Солардың бірі отыз алтыншы қара сөзі.

Пайғамбарымыз салалаһу һайлайһи уәсәләнің хадис шарифинде айтыпты:

-«Мен лә хаяһү уә лә иманун ләһу» кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ, деген. Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «Ұят кімде болса, иман сонда» деген. Енді бұл сөзден білінді, ұят өзі иманның бір мүшесі екен. Олай болғанда, білмек керек, ұят өзі қандай нәрсе?

Бір ұят бар – надандықтың ұяты: жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдында жазықсыз – ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді. Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмаса нәрседен ұялған ұялу – ақымақтық жамандық.

Шын ұят сондай нәрсе: шариғатқа теріс, я ақылға теріс, я абыройлы бойға теріс бір іс себепті болады. Мұндай ұят екі түрлі болады. Біреу – ондай қылық өзіңнен шақпай – ақ, бір бөтен адамнан шыққанын көргенде, сен ұялып кетесің. Мұның себебі, сол ұят істі қылған адамды есіркегендіктен болады. «Япырмай, мына байғұсқа не болды. Бірнәрсе іштен рақым секілді болып келіп, өзіңді қысып, қызарып кетеді.

Біреуі сондай ұят, шариғатқа теріс, я ақылға, я абыройлы бойға теріс я адамшылыққа кесел қылық, қатеден, яки нәпсіге еріп, ғапылдықтан өз жаза тарттырады. Кірерге жер таба алмай, кісіге бетіне қарамай, бір түрлі қысымға түсесің. Мұндай ұяты күшті адамдар ұйқыдан, тамақтан қалатұғыны да бар, хатта өзін - өзі өлтіретұғын кісілер де болады. Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігінің ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп қылған қысымның аты. Ол уақытта тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді.

Көзінің жасын мұрныңның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, еш нәрсені көрмейді. Мұндай қылыққа жетіп, ұялған адамға өкпесі бар кісі кешпесе, яки, оның үстіне, тағы аямай, өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ, десе болар.

Осы күнге менің көрген кісілерім ұялмақ түгіл, қызармайды да. «Ол істен мен ұятты болдым дедім ғой, енді нең бар? – дейді. Я болмаса, «жә, жә, оған мен – ақ ұятты болайын, сен өзің де сүйтпеп пе едің?» - дейді. Немесе «пәленше де, түгенше де тірі жүр ғой, пәлен қылған, менікі оның қасында несі сөз, пәлендей, түгендей мәнісі бар емеспе еді?» - деп ұялтамын десең, жап – жай отырып дауын сабап отырады. Осыны ұялған кісі дейміз бе, ұялмаған кісі дейміз бе? Ұялған десек, хажис анау, жақсылардан қалған сөз анау. Осындай адамның иманы бар дейміз бе, жоқ дейміз бе?!

Абайдың осы қара сөзінде «ұят болса – иман сонда» деген мәселеге көңіл бөлсек алдымен «иман» сөзіне тоқталайық. Иман – араб тілінен шыққан сену деген сөз.

Иман дегеніміз – иланған көңілімен ықтияр болушылық делінген ислам дінінде. Иман ол сенім, адам сенімсіз, үмітсіз, армансыз өмір сүре алмайды.

Сенім дегеніміз – адамның өмірде өзі ұстанатын принциптері мен мұраттарына терең негізделген нанымы.

Қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың көкірегіне ұялап, қанына сіңген ислам дінінің имандылық қағидаларын адамдар арасындағы ізгілі, қайырымдылық, адалдық, әділдік қарым – қатынас негізіне алып, жас ұрпақты тәрбиелеуге пайдаланудың сыры тым тереңде жатыр. Осыны ескере отырып иман жүзді адамдарда төмендегідей қасиеттер болу керек деп ойлаймын:

Имандылық бастаулары - әдептілік, кішіпейілділік пен қайырымдылық, жомарттық, ар – намыс, ұят – абырой тағы басқа әдеп, имандық.

Ар – ұят, иманды жан ешкімнің ақысын, жеп ала жібін аттамай, өз еңбегімен дүние жинап күн көріп жатқан, кісіге қиянат жасамайтын жан. Бұл адамның ең тамаша қасиеттерінің бірі. Өз бойына осы бір қасиеттерді дарыта білген адам иманды деп танылатыны сөзсіз.

Иман – деген қазақ даласында ар білімінің басты ұғымына айналған. Халқымыздың жақсы адамды иманжүзді дейтіні де содан. Мұсылмандық түсінікте иманды адам ғибратсыз болмайды.

Абай адамның адамгершілік, имандылық, ар - ұят сезімдеріне айрықша мән береді. Осындай сезімдерді бойға дарыту үшін адам жаман мінезден арылып, өзін - өзі тәрбиелеуі керек деп есептеймін.

Мұхаммед Пайғамбарымыз с. ғ. с былай деген екен:

Әрбір діннің мінезі бар. Исламның мінезі ол – ұят».

Тағыда бір хадистеҰят пен иман бірбірімен өте тығыз байланысты. Егер біреуін алып тастаса, екіншісі өзі кетіп қалады. Адам бойында иман мен ұят қатар жүруі керек. Мысалы: құс бір қанатсыз ұша алмайды. Құстың бір қанаты иман, екінші қанаты ұят. Сондықтан осы екеуін бойымызда бірдей ұстауымыз керек.

Мұса ғ. с. үмбеті қаталдық мінезімен, Иса ғ. с. үмбеті кешірімділік сипатымен, ал Мұхаммад с. ғ. с үмбеті ұят мінез құлықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан біз Мұхаммад с. ғ. с үмбеті болғандықтан ұят мінезімен ерекшеленуіміз керек. Егер адам баласы ұятын жоғалтқан болса сол уақыттан бастап, жаманнан өте жаманға түседі. Арсыздан өте арсыз әрекетке қарай құлдырайды. Бұдан ең төмен дәрежеге дейін домалап бара береді.

Ұят жүректегі кіршіксіз сенімнің көрінісі. Адам баласын абыройлы ететін қасиет осы мінез.

Ибн Хажар ал Асқаланидің «Мунаббихатында» мынадай нақыл сөз бар; «Төрт нәрсе жақсы, алайда одан жақсы төрт нәрсе бар». Ер кісінің бойында ұяты болуы жақсы, ал ұят әйелде болуы одан да жақсы. Әр адамның әділ болуы жақсы, ал әділдің басшыларда болуы оданда жақсы. Қарт қарияның тәубе еткені жақсы, ал жастар тәубе етсе оданда жақсы, байлардың жомарт болуы жақсы, жомарттық кедейдің бойынан табылуы одан да жақсы» деген екен.

Тағы да иман Термези еңбегінде:

«Арсыздық не нәрсеге жабылса да, әлбетте оның масқарасын шығарады. Ал ұят не нәрседен табылса да оны көркем ете түседі».

Сондықтан ұятты барлық жерде ұстануымыз керек, тек сонда ғана біз көркем бола түсеміз.

Қазіргі жастар өз қылықтарына ұялмақ түгілі қызармайды да. «Ол істеп мен ұятты болдым ғой, енді несі бар» дейді. Я болмаса «жә, оған мен ақ ұялатын болайын, сен өзің де сүйтпеп пе едің» деп көп сылтаулар табады.

Яғни, «Ұят пен иман екеуі егіз». Егер бірі (кісі бойында) кетсе, екіншісі де кетеді.

Адамзат тарихында адамгершілікке байланысты пайда болған категоряларға мыналар жатады.: жомарттық, батырлық, ерлік, әділдік, кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс.

Адамның адамгершілігі – оның жоғары қасиеті, былайша айтсақ, кісілігі. Оның негізгі белгілерінің бірі – адамдық ар – намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, «Өзің үшін еңбек қылсаң, - дейді Абай, - өзі үшін оттанған хайуанның бірі боласың. Досыңа достық – қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол». Ақылды, мейірімді адам кез келген уақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш болып келеді. Арлы адам – ардақты. Біздің ортамызға осы сапаларды бойына сіңіріп қана қоймай, өзінің қоршаған ортаға таратушы болуың керек. Осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеуші ұстаздар аз емес. Адамгершілігі мол адам - басқаларға қашан да үлгі - өнеге.

Адaмның бойындa мынaдай жеті түрлі қaсиет болса, ол нағыз адамгершілігі бар адам болады деп ойлаймын.

Ойшылдың отыз алтыншы қара сөзінде шын ұят – шариғатқа теріс, ақылға теріс, абыройлы бойға теріс бар делінген. Сол сияқты бір ұят бар – надандықтың ұяты, жас бала сөз айтуға ұялған секілді жақсы адамның алдында жазықсыз – ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді. Надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған ұялу – ақымақтық, жамандық.

Осы надандық ұяты адам бойында бар ма, жоқ па екенін көзім жету үшін мен адамдар арасында жағдаят өткіздім.

Сауалнама:Қазіргі таңда интернет желісінде үлкен

кісілер де жастар да Тик ток түсіріп жатыр.Түсіру барысында ерсі қылық байқадың. Олардың әрекетіне ұяласыз ба?

Жаныңыздан нашар сөйлеп бара жатқан қыз баланы көрдіңіз? Сіз ол үшін ұяласыз ба?

Сіз лауазымды адамдардан өзіңізге бір жұмысқа байланысты көмек сұрап бардыңыз. Сол кезде қандай жағдайда болар едіңіз? Ұялар ма едіңіз?

Қатысты:18

Ұят деп жауап берді:16

Ұят емес деп жауап берді:2

Абай атамыз ұят туралы ХІХ ғ. айтқан сөзі әлі күнге қоғамда өз маңызын жойған жоқ. Мәселен жоғарыда жағдаятқа қатысқан адамдардың барлығының бойында надандық ұят бар. Абай айтқан шын ұят адам бойында болу керек. Бірақ надандық ұяттан аулақ болуымыз қажет.

Имандылық пен ар – ұят арасында байланыс бар екенін және ар – ұят қазіргі заманда керек пе екенін анықтау үшін мектеп оқушылар арасында сауалнама өткіздім.

Сауалнама нәтижесі бойынша оқушылар ар - ұят пен имандылықтың арасында байланыс бар екенін білді. Қазіргі заманда ар – ұят қажет деп санайды.

Сауалнамада Абайдың қара сөзіндегі «Сендер біреудің жаман іс істеп жатқанын көрсеңдер ұялар ма едіңдер?» деген сұраққа ерекше көңіл бөлдік. Осы сұраққа қатысқан оқушылардың 98 пайызы «иә» деген жауап берді. Сауалнамадан біз мектеп оқушыларының ар – ұят және имандылық туралы түсініктері бар екеніне көз жеткіздік.

Сауалнаманың нәтижесінде біздің жас ұрпақтарымызға ар – ұят керек жерлерді анықтадым.

Абайдың осы сөзінің мәнін ашуға мен жас буын мен үлкен кісілердің арасында «ұялу» түсінігін салыстыру үшін келесі жағдаятты жүргіздім.

Жағдаят.

Сіз көшеде кетіп бара жатып құшақтасып тұрған жігіт пен қызды көрдіңіз. Сіз осыған қалай қарайсыз?

Жоғарыда көрсетілгендей үлкен адамдардың бойында ұят қалыптастқан, ал жас буын ауылды жерде әрине бұл ұят нәрсе, қалада қазіргі заманға сай деп ойлайды.

Менің ойымша, жас ұрпақтың жағдаяттағы жастардың қылығы қазіргі заманға сай екендігі төмендегідей:

1. Бұқaралық ақпарат (ұялы телефон, интернет, теледидар, газет – журналдар)

2. Өкінішке орай, Еуропа елдеріне еліктеу.

3. Отбасындағы тәрбие «ата – аналар тарапынан баларға немқұрайлы қарауы, материалдық мәселелер)

Адамның бойында төрт қасиет: ақыл, дін, ұят ізгі амал, оларды жоятын ашу, көре алмаушылық, дәмету, ғайбат. Осы қасиеттерді бойымыздан жойып алмау үшін оларды жоятын белгілерден аулақ болуымыз керек.

Қорытынды

Абай Құнанбaевтың жазған қара сөздерінің тәрбиелік мәні өте зор. Біз одан үлкен ғибрат аламыз. Әр сөзі терең ойға, өзіңді, ортаңды тануға, жақсы қасиеттерді бойыңа дарытуға, жаманнан аулақ болуға жетелейді.

Абай сол заманғы қазақтың басты проблемасы философиямен көп айналысты. Абай атамыздың әрбір сөзін қайта оқып, тереңірек барлай бастасақ, олардың қыр – сырлары қайта ашыла түседі.

Шындығында Абай тағылымын дәріптеу, оны терең түсіне білу, меңгеру оңай емес. Абайдың шығармаларында даналық толып жатыр.

Өмірде ар – ұят пен иманды қатар ұстау керек. Сонда адам баласы артына жақсы ұрпақ қалдырады. Ұят пен иман – адам өмірінің негізгі қасиеттерінің бірі. Адам баласының бақыты оның ар – ұяты таза болуында.

Абайдың қара сөзіндегі ар – ұят қазіргі жас ұрпақтарымыздың бойында аз да болса бар екенін дәлелдедік. Сонымен қатар үлкен кісілер мен жастардың ар – ұят түсінігінде айырмашылық бар екенін анықтадым.

Абайдың поэзиялық мұрасына қоса қара сөздері беретін бір заманда бағасы жойылмайтын бір үлкен қымбат қазына – деп ойлаймын.

Адамгершілік қасиеттер отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың іс - әрекетінің барысында бір – бірімен араласуы нәтижесінде, қоғамдық тәжірибе алуын өмірмен байланыстыру арқылы қалыптасады. Халықта: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал бар. Сондықтан адамгершіліктің іргетасы отбасында басталады.

Тәлім – тәрбие болмаған жерде адамгершілік мәдениеті мен қасиеті де қалыптаспайды дегеніне көзім толық жетті. «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» Әбу Насыр Әл – Фарабидің сөзін әрдайым жадымызда сақтауымыз керек деп ойлаймын.

                                                  Қорытынды.

Қорыта келгенде, Абай қара сөздері уақыт озған сайын дәуір талабына сай әр қырынан өсіп, өркендеп отыратын асыл мұра болып ұрпақтар санасында орын алады.  «Соқтықпалы, соқпақсыз» заманда өскен , «Атаның баласы емес, адамның баласы болуды» уағыздайтын ғұламахәкім «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым» деп толғанады. Оның ойынша, адамзатты, әділетті сүю- толық тұлғаға тән басты кісілік қасиет екенін түсіндіреді. Адамды сүйіп, құрметтеуге үндеген  кемеңгер ақын қара сөздерінің түпкі негізі- адам, Толық адам.  Абай арманындағы Толық адам өнерлі ,білімді, еңбекқор, адал, әділ , жылы жүректі , ыстық қайраттыы , ғылым жолына түскен іздемпаз болуы керек. Ал махаббатпен сүю, адамды сүю, Алланы сүю, әділетті сүю- Абай шығармаларының биік мұраты.Біз ақынның қара сөздерінің мәнісін түсініп,оны тура мағынада тани білуіміз керек.Егер де ұлы ақынның қара сөздері әрбір қазақтың төрінен орын алса ,егеменді еліміздіңертеңгі болашағы әдеқайда сапалы азамат болып қалыптасатынына сенім мол.







Ұсыныс

1.Абай қара сөздерінің әр біріне деректі кино түсірілсе екен.

2.Абай қара сөздері әр мекеме,ғимарат ішіне көркем түрде жазылсын.

3. «Абай қарасөздерін оқыту» курстық сағат ретінде университет,мектеп бағдарламасына енгізілсін.

4.Абай қарасөздері қазақы философиялық еңбек ретінде әлемдік көзқарас тарапынан жоғары бағалансын.









































Қолданылған әдебиеттер

1. Абай педагогикасы «Келешек - 2030» Көкшетау, 2003

2. Абай қара сөздері «Көшпенділер» баспасы Алматы, 2007

3. Қазақ әдебиет экциклопедиялық анықтамалық «Аруна» баспасы Алматы, 2007

4. «Шапағат нұр» журналы 2006

5. Хадистер жинағы

6. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. 2-том. Алматы, "Ғылым"-1977.

7. Әуезов. М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа. Алматы, "Санат"-1997.

8. Қазақстан. Ұлттық Энциклопедия. 3-том."Қазақ Энциклопедиясының" Бас редакциясы.



в формате Microsoft Word (.doc / .docx)
Комментарии
Комментариев пока нет.