Статья на тему «Хирургиялық жарақаттар»

0
0
Материал опубликован 13 June 2019

Травма-грек сөзінен тікелей аударсақ, «жарақаттау» деген мағынаны береді.Бұл ағзаға сыртқы(механикалық)фактордың әсерінен тіндердің анатомиялық бүтіндігі мен ондағы физиологиялық үрдістердің бұзылуы.

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының(БДДҰ) мәліметтері бойынша жыл сайын дүниежүзінде жарақаттардан 3,5 млн адам қазаға ұшырайды,ал 2 млн артығы еңбекке жарамды жаста мүгедектікке душар болады.Жарақаттану өлім жітімнің басты себептерінің бірі болып саналады.

Тірек-қимыл жүйесінің жарақаттары мен аурулары уақытша еңбекке жарамсыздық себебінде екінші орында тұрса,мүгедектік пен өлім-жітім себебі бойынша үшінші орынды алады.

Жарақаттануға механикалық, химиялық, физикалық (ренетген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тогы), психикалық (қорқыныш) факторлар және биоогиялық факторлар әсер етуі мүмкін. Механикалық жарақат ашық және жабық болуы мүмкін.

Жарақаттар жіктелуі:

І. Жарақатқа әкелетін жағдайларға байланысты бөлінеді:

өндірістік емес жарақаттар:

а) жол қатынасы

б) көшедегі (көктайғақ)

в) тұрмыстық

г) спорттық

өндірістік жарақтар

а) өнеркәсіптік

б) ауыл шаруашылығындағы жерге байланысты

Қастандықтан болатын жарақатар.

ІІ Жарақаттаушы күштің түрі болйынша :

Механикалық (жаралар, шығу, сынықтар)

Физикалық (термиялық, элетротравмалар)

Химиялық (қышқылдар, сілітлер)

Сәулелі

Операциядан кейінгі

ІІІ Жарақаттану сипаты бойынша .

Жабық жарақаттар (тері және кілегейлі қабаттар бүтін болғанда): созылу, соғып алу, шығу.

Ашық жарақаттар (тері және кілегейлі қабаттар жарақаттанғанда): жаралар, ашық сынықтар.

Тесіп өткен жарақаттар (іш перде, плевра, синовиалды қабаттар жарақаттанады.)

Тесіп өтпеген жарақаттар (іш перде, плевра, синовиалды қабаттар жарақаттанады.)

Құрастырылған жарақаттар (бірнеше денелердің жарақаты).

Себебі бойынша: операциялық,залалсызданған,байқаусызда деп жіктеледі.Қазіргі таңда кез келген байқаусызда алынған жарақат бактериалды бүлінген немесе инифицирленген болып саналады.Алайда жарақат көзінде инфекцияның болуы іріңді қабыну процессінің басталғанын білдірмейді.Оның туындауына негізгі 3 себеп керек:

Зерттеулер бойынша,қоздырушының жарақатта өсіп-өнуіне 1 грамм тінге 1000000 микроорганизмдердің шоғырлануын талап етеді,бұл «бактериялық таралу» деп аталатын «сыни» деңгей.Тек микробтарыдң саны көбейсе,бүлінбеген қалыпты тіндерді жұқтыруы мүмкін.Бірақ бұл деңгей дәрежесі төмен болу да мүмкін

Жарақаттың негізгі бегілері:

Жарақаттың Ауру сезімі (dolor).

Қан кетулер (haemorrhagia).

Жарақаттың аузы (hiatus).

Ауыру сезімі

Негізгі шағымдардың бірі. Жарақат аймағындағы терідегі жүйке ұштарының зақымдануы нәтижесінде, ісікпен басылуы кезінде пайда болатын белгі.Белгілі бір аймақ зақымданғанда ауру сезімі орныққан, ал жүйке бағанының зақымдануында ауру сезімі жайылған типте болады.

Жарақат кезіндегі ауру сезімі синдромының айқындығы келесі факторларға байланысты:

-Жарақатың орналасу орны.

-Ірі жүйке бағандарының зақымдануына.

-Жарақаттаған қару түріне, жарақаттау жылдамдығына байланысты.

-Ағзаның жүйке-психикалық жағдайына.

Қан кетулер

Қан кету-жарақаттың негізгі белгісі.Тері, шырышты қабат және тіннің кез келген зақымдануында кездесетін, қан тамырдың бүтіндігінің бұзылуымен бірлеседі.

Қан кетудің қарқыны келесі факторлармен анықталады:

-Ірі артерия және веналық тамырлардың зақымдану санымен.

-Жарақаттың орнығу аймағымен.

-Жарақаттайтын қару сипатымен.

-Жүйелік және жергілікті қан айналым қарқынымен.

-Қан ұю жүйесінің деңгейімен.

Жарақаттың аузы.

Жарақат аузының жабылуы терінің эластикалық талшықтарының жиырылуына байланысты болады. Жарақаттың терілік шекараларының ажырауы жарақат өсінің Лангер сызығына қатысты дұрыс орналаспауы. Жарақат кезіндегі тілімнің салыну бағыты косметикалық және пластикалық хирургияда негізгі орын алады. Іріңдіктерді ашу кезінде тілімді Лангер сызығына перпендикуляр жүргізеді.

Шығу тегіне байланысты:

Оперативтік жарақаттар — жоспарлы түрде, емдік немесе диагностикалық мақсатта,ерекше асептикалық жағдайда,тіннің минимальды зақымдануымен,жансыздандыру арқылы,анатомикалық құрлымдық бұзылымдарды тігіспен біріктіріп тігу нәтиежесінде пайда болған жарақаттың түрі.

Кездейсоқ жарақатар- кездейсоқ жағдайда,кез келген себептерден пайда болатын жарақаттың түрі.

Тіннің зақымдануына байланысты жарақаттар:

Кесілген;

Ұрылған;

Соғылған;

Жыртылған;

Жаншылған;

Шабылған;

Тістелген;

Аралас;

Атылған

 

Кесілген жарақат

Кесілген жарақаттар өткір қарумен жарақаттаған кезде пайда болады (пышақ,алмас,әйнек).Мұндай жарақаттың түрінде айналасындағы тіндер тұтастығы бұзылмайды. Мардымсыз механикалық күштің әсерінен өткір қарудың жолы тереңдеуі мүмкін.Кесілген жарақат кезінде ауру сезімі шамалы,қан кету көп мөлшерде емес,жарақат аузының бітуі жарақат өсіне, Лангеров сызығына байланысты.

Кесілген жарақат қан тамырлардың,жүйке ұштарының,негізгі ағзалардың көп мөлшерде зақымдануына байланысты.

Ұрылған жарақат

Ұрылған жарақаттар тар және өткірлеу қарумен жарақаттану кезінде пайда болады (жіңішке пышақ,айыр,ине). Анатомиялық ерекшелігі зақымдану аумағына қатысты тереңдігінің үлкен болуында.Ұрылған жарақат кезінде ауру сезімі айқын емес,жарақаттың аузы анық емес,сыртқа қан кетулер болмайды.Бірақ,тері және шырышты қабат астында гематомалар пайда болуы мүмкін. Басқа жарақаттардан ерекшелігі, сыртқы зақымдану кей кезде тереңдегі ірі тамырлардың,жүйке ұштарының,ішкі ағзалардың бүтіндігінің бұзылуымен бірлеседі.Диагностикалануы қиын. Аса ауыр зардап әкелмеуіне қарамастан, ішкі ағзаларда ауыр деңгейдегі зақымданулар пайда болады

Соғылған жарақат

Соғылған жарақат бүтін қарумен жарақаттағанда пайда болады.Берік және эластикалық терінің қарсылығын бұзу үшін,тереңдегі сүйек пен бұлшықеттердің әлсіз байланысын бұзуы қажет. Жарақат айналасындағы зақымдану аймағы үлкен,қанға толған,некрозданған. Сондай- ақ, ауру сезімі айқын,сыртқа қан кетулер көп мөлшерде емес, тері астындағы гематомалар саны және зақымданған тіннің некроздану ауқымына байланысты жарақат көрінісі анық болады.

Жыртылған жарақат

Соғылған жарақат сияқты жыртылған жарақатта тұтас қарудың негізінде пайда болады. Дене бетіне қиғаш бұрыш жасай орналасады.мұндай жарақат кезінде ұзақ уақыт бойы тері тұтасымен скальпельмен сылған тәрізді сылынып түседі. Сылынған жарақат аймағының қоректенуі бұзылып, тіндер өлімге ұшырап, тіннің жаңаруы жүреді. Кей кезде жыртылулар сүйектердің қиғаш сынуында болады.

Жаншылған жарақат

Жаншылған жарақаттың пайда болу механизмінде тіннің зақымдануы максимальды түрде жүреді.Бұлшықеттердің және басқа да жұмсақ тіндердің жаншылуы орныққан сүйекке қатысты болады.

Жаншылған, соғылған,жыртылған жарақаттарда ірі тамырлар мен жүйкелердің анатомиялық үзілісі сирек анықталады. Жаншылған жарақаттың зақымдану аймағы үлкен,қан құйылулар айқын,ауру сезімі айқын емес.Мұндай жарақаттың жазылуы мен инфекциямен асқынуы жиі байқалады.

Шабылған жарақат

Шабылған жарақат массивті түрде зардап әкеледі (шапқы, балта). Өткірлеу қарумен келтірілетін жарақаттың түрі болғандықтан кесілген және соғылған жарақаттың арасында орын алады. Жарақаттың мұндай түрлерінде ішкі ағзалар мен сүйектердің зақымдануы жүреді. Зақымдану аймағы айқын, массивті некроздану жүреді. Ауру сезімі шамалы, қан кету аз мөлшерде, қан құйылулар басым түрде кездеседі.

Тістелген жарақат

Тістелген жарақаттың ерекшелігі механизмі тірі ағзамен, мәселен, адам немесе жануармен әкелінген болады. Инфицирлену дәрежесі жоғары, өйткені, адам немесе жануардың ауыз қуысы патогенді микроорганизмдерге бай. Тістелген жарақаттардың жазылуы баяу жүреді. Жарақаттану аймағы үлкен емес.

Кей жануарлардың сілекейі уытты, токсиндер көп мөлшерде болады. Тістелген дене аймағы құтыру вирусымен зарарданған болатындықтан,алдын алу шараларын жүргізуді қажет етеді.

Аралас және атылған жарақат

Аралас жарақат өз құрамына жыртылған-соғылған, ұрылған-кесілген жарақаттардың белгілерін біріктіреді.

Атылған жарақаттың басқа жарақаттан ерекшелігі:

-Зақымданудың үш зонасының болуы;

-Зақымданудың күрделі анатомиялық сипаты;

-Инфицирленудің жоғары деңгейі;

-Қосымша жіктемелердің болуы.

Инифицирлену дәрежесіне байланысты:

Асептикалық — асептикалық нормаларды толық сақтамағанда пайда болады. Жазылуға бейім, асқынусыз жүреді.

Жаңадан инфицирленген — операцияға дейін зақымдану кезеңінен бастап 3 тәулік ішінде қалыптасқан жарақат.

Іріңді — инфицирленген жарақаттың түрі.Іріңді жарақаттың жаңадан инфицирленген жарақаттан айырмашылығы инфекционды процесстің қарқынды ағымда жүруінде. Қабынулық процесс, некроздалу, іріңді экссудаттың түзілуі айқын түрде жүреді. Жалпы интоксикация симптомдары басым.

Жарақаттың жазылуы

Жарақаттың жазылуы дегеніміз репарациялық процесс,жараның зақымданған тінінің бүтіндігі мен қызметінің қалпына келтіруді айтамыз.

Жараттың жазылуында 3 негізгі механизм жатыр:

-Фибробластар мен коллаген талшықтарының түзілуі. Жазылу кезінде фибробластар макрофагпен активтелінеді. Фибробластар клеткадан тыс матриксты заттарды синтездейді, оның ішінде коллагендерді.

-Жарақаттың эпителизациясы деген клеткалардың жара бетіне миграциялануына байланысты жаңарады.Толық орныққан клеткалардың жаңаруы микроорганизмдердің жараға түсуіне бөгет болады.Бесінші күні таза жара толық жаңарып,жазыла бастайды.

-Тіндердің бірігіп бітуінің эффектісі деген миофибробластардың жиырылуына байланысты,жарақаттың беті жиырлып,бітуіне жағдай жасайды.

Жалпы емі:

 

Антибактериальдық терапия;

*Дезинтоксикациялық терапия;

*Иммунокорригерлеуші терапия;

*Қабынуға қарсы емдік шаралар;

*Симптоматикалық терапия.

Терең жарақат кезінде тек тері және тері асты қабаты емес сонымен қатар бұлшықеттер,сүйектер,жүйке жүйелері кейде тіпті ірі қантамыр қабырғаларының бүтіндігі бұзылады.Жарақаттану кезінде міндетті түрде қан ағу,ауырсыну,жара шеттерінің ажырауы болады.Өздігінен жарақаттану ірі қан тамырлардан қан ағу кезінде ,ішкі ағзалардың жаралануында,қатты ауырсыну болғанда қауіпті,өйткені ол шок тудыруы мүмкін.Қалған жағдайларда жарақат микробтарға әсіресе сіреспе,құтырма секілді жұқпалы қоздырушыларға кірер негізгі қақпа саналуымен,көп мөлшерде қан кетумен қауіп тудырады.

в формате Microsoft Word (.doc / .docx)
Комментарии
Комментарии на этой странице отключены автором.