Урок на тему «Жаратылыстану»
Жер асты суы. Минералды суларҚатыспағандар: Қатысқандар: СЫНЫП: 4 «а»Мұғалімнің аты-жөні: Саркытханова АжарКүні: 12.10.2018Мектеп: 37 гимназия САБАҚ: дүниетану
Минералды сулар туралы біледі;
Табиғатта су айналым ажыратады.Бағалау критерийлері
Су, минералды сулар, жер асты сулары термин сөздердің мағынасын аша алады, тілдік лексикондарында қолдана алады.Тілдік мақсат Судың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын түсініе отырып, оны қорғауға, үнемді пайдалануға үйренеді.
Оқушылардың ой - өрісі, тілі, дүниетанымы кеңейеді,өз ойларын айта алады. Сабақ мақсаттарыБілімділік: Іс-тәжірибе жүзінде оқушыларға табиғаттағы су айналымы, жер асты суы, минералды сулар туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты аялауға, ластамауға, шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз беттерімен жұмыс жасай алу қабілетін және ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын байыту. Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттарыСабақтың тақырыбы: Су.Табиғаттағы су айналымы.
А3, ақ қағаз, маркер.Құндылықтарды
дарыту Көркем еңбек, қазақ тілі.
Пәнаралық байланыстарЖер асты суларын сипаттайды;
Оқушылармен амандасу, т
8 минутРесурстар Сабақ барысыЖоспарланған уақыт есебіЖоспарКенге жатпайтын пайдалы қазбаларАлдыңғы оқу:Оқушылар осы сабақ өту барысында Жер ананы құрметтеп, табиғатты аялауға қалыптасады. Еңбектің қадірін түсініп, топ ішінде жұмыс істеу барысында сыйластық, достық қарым-қатынасқа үйрету.үгендеу.
Психологиялық ахуал
Бәріміз бір-біріміздің алақанымызды тигізіп, бүгінгі күнге сәттілік тілейік. Видео материал, балалар бәріміз таза табиғат аясында жүрміз, жанымызда тап таза мөлдір суы ағып жатыр. Осы бұлақ жанда айылған тілектер орындалады екен. Бәріміз ішімізден жақсы тілектер тілейік. Балалар сеерсы таза, мөлдір бұлақтай таза болуға, көңілдерін көтеріңкі болуды тілеймін! Жақсы бәріміз орнымызға отырайық.
Оқушылардың көңіл күйін сұрау
Топқа бөлінеді.
1 Бұлақ
2 Болашақ
3 Шипа
-
Топтың ережесін таныстыру.
Үй жұмысын тексергенде «Кубизм» әдісі.
Кәне, ұй жұмысын куп әдісі арқылы тексерейік.Әр кубтың қырында сан жазылған. Сол санның астында үй тапсырмасының сұрақтары берілген. Сұрақты оқи отырып үй жұмысына жауап алу. Бірден жауап қайтарған оқушыларды топ мүшелерін бағалап отырады.
-Тас көмір аса ірі кен орны қай қалаларда?
-Мұнайды арнаулы пеште қыздыру нәтижесінде не алады?
-Ең алғаш көмірдің табуына өз үлесін қосқан кім?
-Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды ата
-Жанғыш пайдалы қазба?
-Пайдалы қазба өндіретін жерді қалай атайды?
Қалыптастырушы бағалау: Мұғалім бағалайды.
Ой ашар сұрақтар:Балалар ал, кәнекей мына сендерге жұмбақтар тауып көрейікші.
Жылт - жылт етеді
Жылғалардан өтеді(СУ)
2.Сылқ - сылқ күледі
Аяғы жоқ жүреді(су)
3.Еш тесiкке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды.(СУ)
Сонымен біз не іс өмір сүре алмаймыз?
Күнде тұра салып, не істейсіндер? Балалар қараңдаршымен қолымда су осы екі судың қандай ерекшелігі бар? Соны әр топқа берілген бетке су туралы түсінік берейік. Су қандай? Оның дәмі қандай, түсі? Судың құрамын білесіңдер ме?Сендер білесіңдер ме Су— сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90% -ы судан тұрады.
Су табиғатта сұйық, қатты, газ күйінде кездеседі. Табиғатта үнемі су айналымы болып тұрады.
Оқулықпен жұмыс. Топқа бөлініп оқу.
1Сен біздің ғаламшарымыздан суы жоқ жерді таба алмайсың. Табиғатта су бірде жылып, бірде суып және буланып тұрады. Су булары жиналып, ауаға көтеріліп, аспанда бұлт түзеді. Бұлттағы су тамшылары бір-бірімен өосылып, ауырланады. Бұлт қоюланып, жауын-шашын болып жерге түседі.
2 Судың біразы топыраққа сіңеді. Жердің қабаттарынан өтіп, су өткізбейтін қабатта жиналады. Жер астындағы су жол тауып, тұма немесе бастау түрінде сыртқа шығады. Бұлақ -басы тұмада (бастаудан) басталып, баяу ағатын кішігірім су. Судың жер бетіндегі шалғын, дала және орманға түскен бөлігі жылғалармен ағып, өзендер мен көлдерге қосылады. Күн сәулесінің ағаштар мен өсімдік жапырақтарындағы, бұталар мен шөптесін өсімдіктердегі су буланады.
3 Жылға, өзен, көл беттерінен де су буланып, аспанға көтеріліп, бұлтқа айналады. Содан соң жауын-шашын түрінде қайтадан жерге түседі. Табиғаттағы су осылайша айналып жүреді. Мұны табиғаттағы су айналымы дейді.
Эксперимент
Шәйнектегі су буға айналады. Егер далада күн суық болса, асүйдің жабық тұрған терезесі терлейді. Онда су тамшылары пайда болады. Бұл- шійнектен шыққан бу. Ол қайтандан суға айналады. Біраздан кейін терезе әнегі кеуіп кетеді. Су тамшылары қайда кетті? Олар қайта буланады. Міне, сен кішкентай ғана су айналымын байқадың.
Осылайша су бір күйден екінші күйге айналады. Ол мұхиттар мен теңіздерден құрлыққа, қайтадан құрлықтан суға ауысып, айналым жасайды. Судың мұндай табиғаттағы айналымы үздіксіз жүріп отырады.
Суретті пайдалана отырып табиғаттағы су айналымы туралы айтып бер.
Су айналымы кезінде судың қандай қасиетін байқауға болады?
Жерасты су. Минералды сулар
Балалар жерасты суын адамдар ішуге және шаруашылық қажеттілігіне пайдаланады. Жерасты сулары әртүрлі болады: тұщы немесе ащы, суық немес ыстық. Минералды су адамдарады емдеуге пайдаланылады. Ал енді мәтінге назар аударайық. Жерасты суы қалай пайда болатын тыңдайық:
Жерасты су Тянь-Шань, Алтай, Жетісу Алатауы, Сарыарқа тауларында таралған. Бұл су тау баурайлары мен аңғарларын бойлай жер бетіне шығады. Жер бетінде көптеген тұщы, тұзды, суық, жылы, ыстық су көздері шығып жатады. Олардың бірінің суы тап-таза, мөлдір болса, келесісі сабынды суға ұқсайды, үшіншісі соншалықты ыстық болып, буы бұрқырап жатады. Олардың дәмі де әртүрліт. Тұзды суды тамаққа пайдалануға болмайды. Оның құрамынды еріген тұз көп, сондықтан адам организміне кері әсер етеді.
Әртүрлі тереңдікте орналасуына қарай жерасты және тереңдіктегі су болып бөлінеді. Жерасыт сулары жер бетіне жақын 3тен 30 метрге дейінгі тереңдікте орналасқан. Қуаң жерде тұратын адамдар көбінесе жерасты суларын пайдаланады. Ол үшін құдық қазады.
Су жердің қалың қабатынан өте отырып, сүзіліп, лай мен тұздан тазарады. Ал адамдар ол суды ішуге және шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланады.
Жерасты суы адамдардың қажеттілігін өтей алмайды. Адамдар 50 мертден артық тереңдіктегі жаңа су көзін ашты. Бұл -терең орналасқан артезиант суы. Қазақстан жерінен аумағы Балқаш сияқты 70 көлдің ауданына тең 70-тен астам артезиан су көзі ашылды. Мойынқұмнан ауданы 50 мың шаршы метрге тең су асты теңізі табылды. Оның суы ішуге және егістік суаруға пайдаланылуы мүмкін.
Қазақстанда суын өнеркәсіп қажеттілігіне және үй жылытуға пайдалануға болатын көптеген ыстық су көздері бар екені анықталды. Ғалымдар әртүрлі судың құрамын зерттеген. Құрамыннан минералдар шыққан суды минералды су деп атаған. Минералды суды өңдеп, ішуге пайдаланады. Онда адам денсаулығына пайдалы түрлі химиялық элементтер бар.
Минералды су қоры көп жерлерге демалыс орындары, шипажайлар салынады. Мысалы, «Алмаарасан», «Қапаларасан», «Сарыағаш», «Жаркентарасан » т.б. Көптеген емдеу-сауықтыру орындары бар.
Шипажайларға науқас адамдар емдеулеу үшін келеді. Оларға дәрігерлер, дене шынықтыру мамандары көмек көрсетеді. Карловы Вары - әлемдегі танымал курорттардың бірі. Ол Чехияда орналасқан. Ол жердегі минералды сумен тірек-қимыл аппаратының, асқорыту жүйесінің ауруларын және басқа да ауруларды емдейді.
Балалар сендер қандай емдік шипалы жерді білесіңдер? Қайда барып көрдіңдер? Несімен шипалы? Халық сумен қалай қамтамасыз етіледі?Минералды су деп қандай суды айтамыз? Минералды судың қандай қасиеті бар? Шипажайлар туралы баянда?
Видео материалдар.
Үй жұмыс 44-46 беттер мазмұндау.Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі кезеңді атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)
1:
2:
Қандай екі кезең сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)
1:
2:
Сынып туралы және жекелеген оқушы туралы не білдім және ол келесі сабақты өткізуіме қандай әсерін тигізеді?Спанч боб суреті, стикерлерБалалар сендер бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер не қиынға соқты осыны анықтау үшін стикерлерді спанч бобқа жапсырыңдар.Сабақтың соңы Рефлексия
3 минутВидео материал, карточкаларға жазылған топ аттар,