Мұқағали Мақатаев шығармаларының тіл ерекшеліктері

0
0
Материал опубликован 24 May

Автор публикации: З. Акишева, студентка 1 курса

Қазақстан Республикасының оқу- ағарту министрлігі

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы

«Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК








«Ұлттық тәрбие және жаһандану» тақырыбындағы республикалық ғылыми жобалар байқауы



Жобаның бағыты: Қазақ елі – зиялылар мекені. 

Жобаның тақырыбы:

Мұқағали Мақатаев шығармаларының тіл ерекшеліктері











Ғылыми жетекшісі:

қазақ тілі және әдебиеті пәнінің

оқытушысы - Акишева Заурет Исаевна.

Жоба авторы:

МГ-311.1 тобының студенті – Берікқызы Аружан.





Орал - 2023 жыл



1

М.Мақатаев - қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол ең алдымен ақын, қазақ жырының құдіреті.

Ф.Оңғарсынова






t1716579181aa.png











                                                            Жүрегімді менің өлеңдерімнен ізде...

Мұқағали Мақатаев






Мазмұны:


2

  Кіріспе................................................................................................... 4

  Зерттеу бөлімі...................................................................................... 5

  Қорытынды......................................................................................... 10

  Пайдаланған әдебиеттер.................................................................... 11

3

Жобаның мақсаты мен міндеттері:

- Отаншылдық пен елжандылыққа, халықтық наным-сенімді білуге тәрбиелеу; - ұлттық тәрбиемізді білуге; - сөйлеу мәдениетін меңгерген тұлға ретінде өмір сүру біліктілігін қалыптастыру; - ана тілде таза, еркін сөйлеуге төселгендігін таныта білу; - студенттің сөйлеу тәжірибесінде алған білімі мен іскерлігін қолдану шеберлігін қалыптастыру;

- студенттерді өз қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін көрсетуге ұмтылдыру;

- мәліметтерді ұстану мен рәсімдеу қабілеттерін қалыптастыру; - ғұмырбойы өз білімін жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру; - шешімді түзу, танымдық іс-әрекеттің мақсаты мен алынған нәтижені салыстыру, өзін-өзі бақылау қабілеттерін қалыптастыру.

    Зерттеу жұмысының жоспары:

I. Кіріспе Жұлдыз ғұмыр. Мұқағали Мақатаев есімі бүгінде бар қазаққа мәшһүр. Ақын халқының сүйіспеншілігіне бөленген перзент. Қазақ халқын талантымен баурап алған Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Қарасаздың сұлулығы Мұқағалидың ақындық талантының қайнар көзі болды. Ақынның анасының естеліктеріне сүйенсек, Мұқағалидің әдебиетке деген қызығушылығы 14 жасынан басталған. Ал өлең жазуға жары Лашынға деген махаббаты себеп болды. Ол сыртқы әлемнен және кітаптардан шабыттанды. Мұқағали Абай, Әуезов, Сейфуллин, Мүсіреповты оқыды. Орыс тілін өз еркімен өте жақсы меңгерген ол орыс әдебиетін, әсіресе Пушкин, Есенин, Блоктың поэзиясын оқыды. Шетелдік әдебиеттерден Гейн, Гёте, Дюма, Гюго, Байрон, Драйзер, Стендаль шығармаларына қызығушылық танытты.  Бірақ бәрінен де Бальзак, Лондон және Шекспирді жақсы көрді. Мұқағали жазған естеліктерінің бірінде: «Иә, мен әдебиетті жақсы көремін. Мен үшін одан биік ештеңе жоқ» деп әдебиетті сүйетінін мойындаған болатын.


II. Зерттеу бөлімі а)  Өзіндік стилімен жазуы туралы зерттеу -  адам жанының эстетикалық және рухани мәнін танытушы ұғым. ә)  Мұқағали шығармашылығындағы ақын қолданған ажарлау құралдарының бірі-аллитерация, әдебиеттегі оқырман немесе тыңдаушыны ерекше әсерге жетелеу үшін жасалатын әдіс - антитеза, өлеңдегі әр жол, не болмаса әр тармақ ылғи бір сөзбен басталып, қайталануы – анафора, ұқсастығына қарай бір сөзді екіншісімен ауыстыру- метафораның көркемдік ерекшелігін ажырату.

 III. Жобаның түйіндемесі: Ақынның поэзиясы – халықтың жүрегінің тілі .

Ә.Кекілбаев: « М.Мақатаев адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның ...өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған» . Халық таныған сирек таланттың бірі - Мұқағали.

Ол биік өлшемге сиятын арқалы ақын. Оның суреткерлік қыры мен сыры енді ашылып келеді: Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім Қырға шығып, ырысқа кенелмеспін Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев Өлтіре алмас, алайда, өлеңді ешкім! – деп, ақын болашақ ұрпағына, замандастарына үн қатып тұрғандай. Мұқағали - өлең өлкесінің көгінде қыран құстай самғап қана қоймай, эпикалық жанрда да құлашын кең сермеді деуге болады. Ақынның қаламынан тамаша дастандар туғаны мәлім. Олар «Ильич», «Мавр», «Райымбек,Райымбек!», «Алтай-Атырау», «Большевиктер», « Чили-шуағым менің» , «Моцарт. Жан азасы», «Қашқын», «Аққулар ұйықтағанда», т.б.

Мұқағали Мақатаевтың шығармаларында өмірдің барлық саласы қамтылған. Бүгінде оның туындыларын сүйіп оқымайтын, жақсы көрмейтін адам кемде-кем.

Алғашқы жеке өлеңдер мен поэтикалық кітаптардан Мақатаевтың қайталанбас дауысын анық көруге болады. Таза және айқын, адамның ең терең сезімдері мен толғаныстарын қарапайым тілмен жеткізуі, оның поэзиясын қолға алған оқырмандарды таңғалдырады.

Мақатаев махаббат пен достық, поэзия және табиғат туралы жырлады. Бірақ оның шығармалығында ерекше орынды Отан тақырыбы алады. Мақатаев туған жер тақырыбына жазылған өлеңдерінің бірінде «Қарасаздың алтын бесігі» деп аталатын кішкентай әлем арқылы үлкен әлемге есік ашқанын айтады. Мақатаев туған жерінің сұлулығына тамсанудан жалықпады. Ол өз күнделіктерінде туған жердің табиғаты оның жанына қалай әсер еткені туралы жиі жазатын.

Достық пен туыстық даналығы қазаққа ұлы ата-бабаларымыздан қалғаны сөзсіз. Мақатаевтың «Отан» туралы қырық жыл бұрын жазған өлеңі тарихи дамудың жаңа кезеңінде өте заманауи естіледі. Ақын – әр адам Отан алдында борыштар және оған жүрегінің отын беруге міндетті деп санады. Сондай-ақ ол поэзиясының отын Отанға арнады. Жоғары патриотизм оның өлеңдерінің органикалық қасиеті болды. Мақатаев өлеңдері арқылы өзінің жан дүниесін тәрбиелеген, шабыттануының қайнар көзі болған Отанды қалай қорғап, қамқорлық көрсету керектігін үйретеді.

Мақатаев қазақ халқына, оның болашағына сенді және оған қажет болуға тырысты. Күнделіктерінде ол: «Менің ойымда бір ғана арман бар. Бұл өз халқыма пайдайлы болу. Бірақ оған шындықты айтқым келеді. Халқым менің, сендерге даусымды қалай жеткізе аламын?» деген болатын. Ақынның өз халқына бере алатын жалғыз нәрсе – ұлттық дәстүр мен ұлттық сананың тереңдігінде туылған поэзия. Міне, Мұқағали халқына сондай поэзия сыйлаған ақиық ақын.

Мақатаевтың бақыты – өз халқымен бірге Отанында өмір сүру болды. Бірақ ол бәрінен де халқы мен туған жерінің бақытын жоғары қойды. Ақынның туған жеріне, халқына деген шексіз сүйіспеншілігі кез келген адамның жанына әсер етеді.

Шығарманы халық игілігіне айналдыруға ақын-жазушылар әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданады. Содан барып шығармашылық туады. Бұл - қаламгердің стилі. Мұқағали қолданған ажарлау құралдарының бірі - аллитерация. Бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталанып келуін аллитерация деп атайды. Өлең өрімін құбылтып, әсерін күшейтеді.

5

Риторикалық сұрау (лепті сұрау), антитеза (гр. antrivecolg –қарама-қарсы , шеңдестіру) - әдебиеттегі оқырман немесе тыңдаушыны ерекше әсерге жетелеу үшін жасалатын әдіс түрлерін, анафора, теңеулер мен метафораның жаңа түрлерін енгізіп, жаңа сапалык дәрежеге көтерді. Терең ойға құрылған өлеңге сол ойды дәл, әсерлі етіп беретін жолдар мен амал-тәсілдерді кіргізгендіктен, ақын өлеңдерінің мазмұны, айтпақ ойы айқын болып келеді.

t1716579181ab.png

6

t1716579181ac.gif

7

t1716579181ad.gif

Мұқағали қолданған ажарлау құралдарының бірі - аллитерация. Бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталанып келуін аллитерация деп атайды. Өлең өрімін құбылтып, әсерін күшейтеді.

«Райымбек, Райымбек!» дастанында ол былайша өрбіген: Құланыңды бауыздар желіге айдап Құраныңның өртенер соры қойнап Қайда барсаң Қорқыттың көрі болып Қонысыңнан ауарсың «Елімайлап» Немесе: Қайда барсаң,бәрібір,кірерің көр Қабылдайды қойнына түнеріп жер Қапталына түсіріп күреңімнің Қамыс артып жігіттер, жіберіңдер. 8

Осы үзінділерде бірыңғай «Қ» дауыссыз дыбысы әр тармақтың басында келген. Бұл құлаққа жағымды естіліп, ішкі көркем үндестікті қалыптастырып тұр. Мұндай құбылысты ақынның «Өмірдастанынан» да кездестіруге болады. Жатыр таулар, кемелдей қайырлаған Жатыр дала, әлдене уайымдаған Жатыр бәрі, жатыр бір сал тіршілік Жер төсінен уыстап айырылмаған Немесе: Құлағалы тұрған соң қайран қосың Қару болып қолыңда қайлаң –досың Қансыратып біреуді жықтың –ау сен Құрбандықсыз қан майдан қайдан болсын Бұл үзінділерде де дауыссыз «Ж» және «Қ» дыбыстары бірыңғай қайталанып тұр. Ой көркемдігін, пікір дәлдігін арттыратын поэтикалық күш-қуат беретін бөліктің бірі- антоним сөздер. Мұқағали да өз дастандарында антоним сөздерді пайдаланған. Бұл шығарманың эмоциялық қасиетін арттыру болып есептеледі. Антитеза (гр. antrivecolg –қарама-қарсы , шеңдестіру) - әдебиеттегі оқырман немесе тыңдаушыны ерекше әсерге жетелеу үшін жасалатын әдіс түрі. Бұл Мұқағали шығармасында көптеп, молынан қолданылған. Мысалы, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасында: Алыс тұрып, ақырды қыр басынан «Берекесін бұл жердің кім қашырған?» Өңім бе,түсім бе деп таңданады Көз алмай орамалды ұрғашыдан Көз алмай сүле-сопа тұлғасынан Немесе: Бәрі ұмыт: бақытың да,байлығың да Күлкі - шаттық,күйзелткен қайғы - мұң да «Жетім көл» жетімсіреп қалып қойды Бір өлі,бір тірі аққу айдынында Мұндағы өлі-тірі, өң-түс дегендердің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы. Немесе «Күрсінбеші» өлеңінде : Мен түн болсам, сен таң болдың жаңа атқан Мені - қола, сені - шойын жаратқан Мен - ашу да, сен - ақылсың нәрі аққан Сен- Адамсың, мен аждаһа зәр атқан! Мұндағы түн-таң, қола-шойын, ашу-ақыл, адам-аждаһа дегендердің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы.

Ақынның «Райымбек, Райымбек!» дастанына назар аударсақ осы әдісті қолданғанын байқаймыз. Кәрі мен жас ұстасып жағаларын Жамырайды,білмейді не боларын Риторикалық сұрау (лепті сұрау) - ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Өлеңде қойылған сұраудың жауабында екіұштылық, шүбәлану болмайды, оны оқырман іштей біліп отырады. 9

Мысалы: Қанша ғасыр өтті екен, қанша заман? Қанша ұрпақ кетті екен,қаншама адам?
Қанша шырша өсті екен,құлады екен «Жетімкөлге» қараудан шаршамаған? «Жетім көлден»су ішкен қанша марал Қанша киік қалды екен сай-салада? Қанатынан үзіліп ән-самала Қаншама аққу өтті екен –аңсаған ән? Ал, лирикалық дастанының бірі «Өмірдастанында» ақын айшықтаудың бір түрі –
анафораны тиімді пайдаланған. Анафора (гр anapfora-биікке шығу) өлеңдегі әр жол, не болмаса әр тармақ ылғи бір сөзбен басталып, қайталана беруін айтамыз. Осы арқылы өлеңнің бояуын күшейтіп, естілу әсерін арттыра түседі: Соғыс деген жаралмаған жалғыз қан үшін Соғыс деген -сор айдаған соқырлардың табысы Соғыс деген - сақаймайтын есуастар дәрісі Соғыс деген - сойқандардың қорғандар намысы

Мұқағали өз шығармаларын теңеулермен де ажарландырады. Мұқағалидың «Өмірдастанында»: Жар салып жасалмапты тыйым анық Ағайын шабылмапты қойын алып Уыз емген бұзаудай жатсам керек Уызына шешемнің тойып алып Немесе: Қос өзен «Шалкөдеден»құлдырайды Ойнақтап өсірген құлыншақтай-деп келтіреді.

Метафора - ұқсастығына қарай бір сөзді екіншісімен ауыстыру. -Құс боп ұшып, жоғалсам,не етер едің? -Сені іздеумен мәңгілік өтер едім -Отқа түсіп өртенсем, не етер едің? -Күл боп бірге соңынан өтер едім -Бұлдырасам сағымдай, не етер едің? -Жел боп қуып, ақыры жетер едім -Қайғы әкелсем басыңа, не етер едің? -Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.

Мұндағы құс, күл, жел, сағым сөздерін бір сөзді екіншісімен ауыстыру мағынасында қолданған. Сондай-ақ, риторикалық сұрау әдісін пайдаланған. Жалпы, М.Мақатаевтың эпикалық жанрда да еркін жазғаны баршаға аян. Ақынның дастандарын оқи отырып, өзіңе тән ерекшелігін байқайсың. Жоғарыда атап өткендерден басқа мақал-мәтелдерді, фразеологиялық тіркесті, құбылтудың түрлерін, қарапайым диалогты өз дастандарында ұтымды қолдана білген. Мұқағали қай дастанында болса да жан сырын жайып салуға жомарттығымен көрінеді.

10

Туған халқына деген жүрегінің ақтығы, таза көңілі, зор сенімі оның әр шығармасынан анық байқалады. М.Мақатаев - қазақ поэзиясының алып тұлғасы. Өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмайтын ақын. Ақын дастандары арқылы оқушыларды Отаншылдық пен елжандылыққа,халықтық наным-сенімді білуге тәрбиелеуге болады. Сонымен бірге ұлттық тәрбиемізді білуге де ақын дастандарының септігі зор. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы арқылы мына біздердің, жастардың эстетикалық талғамын арттыруға болады.

Қорыта келе, Зейнолла Серікқалиұлы айтқандай: «Мұқағали мұрасы, сұлулық үлгісі - біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, Мұқағали мұрасы, маржан поэзиясы – болашақ ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп - қадірлейтін қазынасы», -деп жобамды аяқтағым келеді. 

11. 

    Пайдаланған әдебиеттер:

М.Мақатаев шығармалар жинағы:

«Өмір - өзен»

«Өмір - дастан»

«Аққулар ұйықтағанда»

«Аманат»,

«Жырлайды жүрек» т

2. «Естеліктер» кітабы.

3. Қазақ әдебиеті (энциклапедия), Алматы, 1999 ж, 460 бет.

4. М. Жолдасбеков «Қазақ жырларының Хан тәңірі»

    « Егемен Қазақстан» газеті, Алматы, 2011ж.

5. Ол өмірді сүйіп өтті. Л. Әзімбетова Алматы, 1991ж.

6. «Парасат» журналы. Алматы, 1991ж.

7. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2008ж.

в формате Microsoft Word (.doc / .docx)
Комментарии
Комментариев пока нет.