Занятие на тему «Сиқырлы сандық»
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 18 бөбекжай-бақшасы»МКҚК.
Ашық Ұ.О.І.Ә.
Тақырыбы: «Сиқырлы сандық».
Өткізген:Екінші кіші топ тәрбиешісі
Мендыбаева Н.У.
2017 – 2018 ж.
2-ші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметініңконспекті Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе Өткізу мерзімі/Дата проведение :03.05.2019ж Тәрбиеші/Воспитатель:Мендыбаева Н.У. Білім беру саласы/Образовательная область: «Таным»
Пән/Предмет:ҚҰМҚ
Өтпелі тақрып/Сквозная тема: Бейбітшілік қорғанында. Тақырыбы/Тема: «Сиқырлы сандық.»
Мақсаты/Цели:.
1. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. 2. Заттармен пішіндерді сипап- сезу және көру тәсілдері арқылы зерттеу ісерліктерін дамыту. 3. Заттардың формасын анықтауын бекіту. Педагогикалық технологиялар/ педагогические технологий: «Тәй-тәй» технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обеспечение : хат,пішіндер, сиқырлы сандық. Билингвалдық компанент/билингвальный компанент:Сандық-сундук, пішіндер-фигуры. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: I. Ұйымдастырушылық бөлім/Организационная часть: Есік қағылып тәрбиеші топқа сандық кіргізеді. II.Негізгі бөлім/основная часть: - Балалар қарандаршы мына сандықтың ішінде хат бар екен. Балалар кім айтады сандық орысша қалай болады.Дұрыс қане бәріміз қайталап айтайық сундук. Қане оқиық. «Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Мен пішіндер патшайымымын.
Менің сендерге берер тапсырмаларым бар.
Сендердің білімдеріңді, ой ұшқырлықтарыңды білейін деп осы сандыққа тапсырмамды салып жібердім. Жақсы орындаған балаларға мадақтау қағазым бар.
Сендерге сәттілік тілеймін!»
1 - тапсырма.
Пішіндер туралы жұмбақтар.
Атына сай балалар,
Үш бұрыш, үш жағы бар.
Ол пішінді кім табар?
- Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл үшбұрыш. Алдарындағы пішіндердің ішінде үшбұрышты көрсетіңдерші және түсін айтамыз.
(Балалар көрсетеді түсін айтады) Ал пішіндер оысша фигуры деп аталады.
- Үшбұрыш неге ұқсайды екен?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар келесі жұмбақты жасырайын.
- Төрт бұрышы бар, Төрт қабырғасы бар.
Бұл қай пішін?
- Ия, дұрыс. Төрт бұрыш неге ұқсайды екен?
- Алдарындағы пішіндерден төртбұрышты көрсетіңдерші, түстерін айтыңдар.
- Тағы бір жұмбақты жасырайын
Допқа өзі ұқсайтын,
Ерекше бір пішін бар.
Атын оның атаңдар?
- Өте жақсы
- Дөңгелек неге ұқсайды?
- Өте жақсы балалар.
Ал, енді алдарындағы пішіндердің, ішінен дөңгелекті көрсетіңдерші, түстерін айтамыз.
- Өте жақсы, жарайсыңдар!
Сергіту сәті.
Бойды сергек тік ұста
Емін еркін тыныста
Деміңді ішке тез алда
Оң қолыңды соз алға
Қол ұшына қарада
Үш бұрыш сыз ауада
Сол қолың да бос тұрмасын. 2 - тапсырма.
Тура және кері санау.
- Балалар біз санап білеміз бе?
- Қане олай болсақ санайықшы.
- Ал, енді осы сандарды кері санайық
Дидактикалық ойын «Неге ұқсайды?»
Балалар бұл қандай пішін?
Алдарыңдағы пішіндердің ішіндегі үшбұрышты көрсетіңдер және түсін айтамыз.
-Үшбұрыш неге ұқсайды?
3-тапсырма
Сұрақ-жауап
Қоянда неше құлақ бар?
Бағдаршамда неше көз бар?
Адамда қанша көз бар?
Жұлдыздың неше бұрышы бар?
Аспанда неше күн бар?
Қолғапта неше саусак бар?
Бір жылда неше ай бар?
Бір аптада неше күн бар?
Адамда қанша саусақ бар?
III.Қортынды бөлім/итоговая часть: Жарайсындар балалар сонымен біз бүгін кімнің тапсырмаларын орындадық?
Балалар бүгін біз қандай пішіндерді өттік?
Жақсы қатысқан балаларға мадақтап,мақтау қағазы беріледі.