Конспект урока «Ғажайып гүл»
Үржар ауданы әкімдігінің «Ер Төстік» балабақшасы КМҚК
Білім беру саласы: Таным, Қатынас.
Бөлімдері: Тіл дамыту. қоршаған ортамен таныстыру.
Ашық сабақ тақырыбы: «Ғажайып гүл»(құм терапиясы)
Мақсаты: Балалардың көңіл-күй жағдайын бағалауын қалыптастыру; жан-жақты психикалық процестерді дамыту: қабылдау, есте сақтау, көңіл аудару, тілдерін дамыту, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Дамытушылығы: Көріп сезу арқылы балалардың сөздік қорын,танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Балалардың ақыл-ой белсенділігін күшейтіп,ойлау жылдамдығын дамыту.
Көрнекіліктер:шағым құмзар әр балаға, түрлі- түсті құм.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу,танымдық ойындар,т үрлі-түсті құммен сурет салу, ертегі элементтері, әуен.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар топқа кіріп, қонақтарға жылы лебіздерін білдіреді.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Жүректің жылуын салайық,
Таза ауаны салайық,
Жиналған бар жылуды,
Қонақтарға шашайық!
Балаларды ыңғайлы отырғызу.Қол және саусақтарды уқалау, жаттығулар жасату арқылы балалардың көңіл-күйін көтеру.
Саусақ жаттығуы: «Күн мен гүл»
Көтерілсе күнім,
Ашылады гүлім.
Кешкісін күн батады.
Гүл ұйқыға жатады.
II. Негізгі тапсырмалар
«Менің көңіл - күйім қандай?» Бала өз көңіл-күйіне сәйкес келетін смайлик суретін тауып (көңілді,көңілсіз,ренжулі) айтады.Сол кездердегі көңіл-күйін баяндайды.
Есік қағылып,топқа ханшайым келеді.
Ханшайым: -Сәлеметсіңдерме балалар,қонақтар!
- Бұл қай топ екен?
- «Ақбота» тобы.
- Мен ертегі елінен келдім сендермен танысқым келеді. Балалар есімдерін айтады.(Керемет,Мадина,Ұлжан,Аяла,Бекарыс,Аслан)
Ханшайым: Менің елімде әдемі гүл бағы бар.Онда әдемі гүлдер,өсімдіктер өседі.Бірақ мен ғажайып гүл іздеп келдім.Сендер маған көмектесесіңдерме?
-Әрине ,көмектесеміз.
Тәрбиеші: Ханшайым бүгін біз құм еліне барамыз,жүр бізбен бірге.
Жұмысымызды бастамас бұрын, Сіздерге қысқаша мәлімет беремін.
Құм -нағыз кең тараған пайдалы қазба. Құм сусымалы зат. Құмды бір орыннан екінші орынға сусытып себуге болады.Адам құрылысқа сазбен біргеқұмды пайдаланады. Құм қосылған саздан кірпіш және алуан түрлі ыдыс жинайды.(балалар шаршаса,бой сергітуін өткізу)
Құм еліне кіру үшін ережесін білу керек:
Құмды шашпау.
Лақтыруға болмайды
Құмды басқа жерге тастауға болмайды.
Ешкімді ренжітпеуге болмайды.
Балалар құмзарға жақындайық, ыңғайлы тұрыңдар.
«Сәлеметсіңбе құм!» жаттығуы. Саусақтармен, алақандармен құмды жайып, іздер салу.(балалар өз құмзарларына барады)
III. Тапсырма:
Балалар бүгін бізге қонаққа келген Ханшайымға ғажайып гүлді түрлі-түсті құмнан жасап сыйлайық. (әдіс-тәсілдерін түсіндіру).
Музыка әуенімен балалар түрлі-түсті құммен гүл,күн, өсімдіктер салуды көрсетеді. Балалар өз жұмысын еркін тұрып салады. Балалар суретті алақанмен ептеп құм жазу арқылы өшіріп, келесі суретті салуды көрсетеді.
Тапсырма аяқталған соң құммен жайында әңгімелесу.Балаланың тапсырманы жақсы орындағаны үшін мадақтап, қолдап отырған жөн.(салфетка қолдану)
IV. Тапсырма
Сабақты қорытындылау
-Балалар бүгін біз тобымызға Ханшайым келіп,оның тапсырмасын орындадық.
-Балалар біз түрлі-түсті құмнан ғажайып гүл салдық.
Балалар пікірлері:
-бүгін мен білдім-құм сусымалы зат.
- Мен түсіндім-құммен сурет салу маған қызықты.
Тәрбиеші: Қол ұстасып тұрайық,
Шаттық шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
«Ақбота» тобында балалардың құзыреттілігін дамыту барысында «Құм терапиясын» қолдану.
Құм терапиясының маңызы: Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастырады және танымдық, психикалық процестерді дамытады ол түйсік (форманы, түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістік түсінікті, тактильді-кинестетикалық сезімділік пен қолдардың ұсақ моторикасын дамиды.
Құм терапиясының мақсаты: Балалардың құм терапиясында қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Құм терапиясы арқылы баланың қандай құзіреттіліктері дамиды:
● Шығармашылық
● Танымдық
● Интеллектуалдық
● қарым –қатынас
Құм терапиясын қолданудың әдіс - тәсілдері:
Әңгімелесу
Түрлі – түсті құммен сурет салу
Танымдық ойындар
Коммуникативтік ойындар
Ертегі элементтері
Музыка
Сабақтың құрамдары: топпен(5-6 бала). Аптасына бір рет жүргізіледі. Ұзақтығы: 20-25 минут. Тәрбиешіге түрлі мінездегі балалармен жұмыс істеуге тура келеді. Біз өзіміздің тобымызда балалардың сөздік қорлардың дамуына және жалпы өзін -өзі ұстау жұмыстарына назарымызды аударамыз. Балалардың дамуын және тәрбиесіндегі кемшіліктерді шешуге көптеген әдіс-тәсілдер бар. Мен бұл әдістердің ішінен балалармен жұмыс жүргізудің бір түрі құммен ойынға тоқталып өткім келеді. Біз топта жыл бойы құмды қолданамыз. Балалар құммен ойнауды өте жақсы көреді. Жазғы маусымда балалар шаршамастан бірнеше ай бойы құмзарда «еңбектенеді»: түрлі кеңсарайларды жасап, түрлі тоқаштар «қуырып», тортарды жасайды. Құм балалардың өзара түсінушіліктерін табуға көмектеседі. Құм агрессиялық қуатты шешеді, сондықтан құмзарда ойнап отырған барлық балалар бірге ойын жоспарлап оны жүзеге асырады. Балалардың бір-бірімен қарым- қатынас жасауға мүмкіндігі туады да, ол тілдік және комуникатвті дамыуына жағымды әсерін тигізеді. Қыс мезгілінде де біз құммен ойындарымызды тоқтатпаймыз. Мен өзімнің тобымда «шағынқұмзар» жасадық. Ол ағаш қорап ені мен ұзындығы 70 немесе 80 см биіктігі 20 см болу керек. Құмзар топтын арнайы бөлінген орнында орналасқан, тудырылған жағдайға байланысты құмзарды басқа жерге қоюға болады. Біздің шағынқұмзар кең қолданыста. Біз оны оқу әрекеттерінде, балалармен бірлескен әрекеттерінде, дербес ойындарда және шығармашылық жұмыстарда қолданамыз.