Урок по математике в 3 классе «Сыр сандық интеллектуалдық ойыны»

1
0
Материал опубликован 15 January 2016

Алматы қаласы

Әуезов ауданы

119 мектеп – лицей

Сыр сандық

(интелектуалды ойын)

Сынып: 3 сынып

Жауапты мұғалім: Курбанова Айнур
 

Күні: 26.11.2014ж Сынып: 3 – сынып

Сабақтың тақырыбы: «Сыр сандық» интелектуалды ойыны

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 3 сынып оқушылармен бірлесе отырып, интеллектуалды ойын сабағын жүргізу. 3 – сынып оқушыларының алған білімдерін пысықтай отырып. Ойын барысында әр түрлі тақырыптарға байланысты тапсырмалар орындау. Ертегілерді пайдалана отырып, қысқаша көрініс қою арқылы сабақты қызықтыру жұмыстарын ұйымдастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін, ақыл – ой қабілетін дамыту. Логикалық ойндар немесе басқа да ойындар көмегімен өткен тақырыптарды еске түсіру.

Тәрбиелік: Адамгершілік, ұлтжандылық, отанды сүюге, табиғатты аялауға, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ойын сабағы.

Қолданылатын әдіс – тәсіл: логикалық ойын, сұрақ – жауап, интерактивті тақтада слайдпен жұмыс, көрініс жұмыстарын ұйымдастыру.

Сабақтың жабдықталу көрнекілігі: слайд және тақырыпқа байланысты әр түрлі суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сабаққа әзірлігін пысықтау.

Сабақ көріністен басталады. Ертегі «Алдар көсе мен өнерпаздар».

Ертеде «Алдар көсе» ән салып келе жатып, бір тасқа соғылып шалынып жығылыпты. Ашуланған Алдар тасты тебейін десе ол тасқа ұқсамады. Анықтап қараса сандық екен. Сандықты ашып қалып еді, ішінен бір дыбыс естіді.

Бейтаныс жан: Алдар керемет дәулетті болғың келе ме?

Алдар: Әрине

Бейтаныс жан: Алдымен менің саған қояр шартым бар.

Алдар көсе: Иә айта бер ол қандай шарт

Бейтаныс жан: Мен саған сұрақ қоямын. Сол сұрақтарға жауап берсең мен саған көп алтын беремін деді.

Алдар көсе: Айналайын бейтаныс жан – ау. Мен оқымаған адаммын. Менде қайдан білім болсын.

Бейтаныс жан: Ойлан Алдар, ойлан.

Алдар: А, А мен таптым – таптым. Бүгін біздің ауылдан сонау Алматы шаһарынан керемет мектепте оқитын білімді де өнерлі азаматтар мен азаматшалар келген. Соларды шақырсам қалай қарайсың – а. Мен ешкімнің еңбегін жемеймін. Сен берген алтыннан оларғада беремін. Сол алтынға олар жақсылап білім алып, өнер қусын. Ал маған отбасымды тамақтандыратын алтын қалса болғаны.

Бейтаныс жан: Мұның жақсы ой екен. Ондай болса шақыр оларды.

Алдар: Келіңдер! Келіңдер! (оқушылар Аладрың қасына келеді)

Автор: Кенет олардың қастарына бай өзінің нөкерлерімен келіп қалады.

Бай: Оу, Алдар не болды? Алтын тауып алғаннан саумысың – ей.

Автор: Деп мысқылдады бай.

Алдар: Амансың ба? Байеке. Бүгін түс көріп едім, құдай қаласа сізден өткен үлкен дәулетке кенелетін түрім бар.

Бай: Не дейді мынау сандырақтап.

Алдар: Байеке мынау сандықты көрдің бе? Ол сиқырлы. Оның айтқанын орындасаң ол көп алтын беруге дайын.

Бай: Жақсы сонда мен не істеуім керек?

Алдар: Бейтаныс жан сұрақ қояды жауап берсеңіз алтын аласыз.

Алдар: Жақсы мен дайынмын. Ал бейтаныс жан ондай болса бастайық.

Бейтаныс жан: Бастасақ бастайық. Сандықтағы сұрақтардан алыңдар.

Балалар қош келдіңіздер! Бүгін біз сіздермен «Сыр сандық» интелектуалды ойынын жүргіземіз. Өздеріңіз ертегіден түсінгендей сіздер бай мырзамен бірігіп бейтаныс жанның сұрақтарына жауап берулеріңіз қажет. Сіздердің сұрақтарыңыздың дұрыс және бұрыс екенін біздің бейтаныс жанның көмекшілері, яғни «әділ қазылар» санап отырады. Сабақтың соңында бұл кісілер сіздердің жинаған алтын қорларыңызды санап береді. Ондай болса алдымен біз сіздермен танысып алайық.

Бірінші 3 «А» сыныбынан келген өнерпаздармен танысайық.

Қалиева Жанель

Байтұрсын Дана

Сатауов Мақсат

- Екінші 3 «Ә» сыныбынан келген өнерпаздармен танысайық.

1. Ыбырай Мәди

2. Нұрланқызы Әмина

3. Әбілқасым Абдулла

- Үшінші 3 «Б» сыныбынан келген өнерпазармен танысайық.

1. Қаздәулет Медер

2. Желеубеков Нұрасыл

3. Бақытқызы Аружан

- Төртінші 3 «В» сыныбынан келген өнерпаздармен танысайық.

1. Қасқырбаева Қарақатсұлу

2. Елтаева Мерей

3. Нұралиев Нұргелді

Тапсырмада берілген сұрақтар мен олардың жауаптары.

Бір – біріне деген жылы қарым – қатынасты білдіретін сөздер (Сыпайы сөздер)

Суретті сөздермен ауыстыр және әңгімені оқы.

Ерте, ерте, еретеде күшік пен мысық өмір сүріпті. Олар өзен жағасындағы бір үйде тұрыпты. Үйдің жанында үлкен ағаш өсіпті. Ағаш түбінде орындық бар екен. Күн сайын кешке қарай күшік пен мысық отырып қызықты кітап оқығанды ұнатады екен.

Кірпілер алмаға таласып жатыр. Оларға көмектесуге тиін келді. Тиін әр кірпіге бір алмадан берсе, бір алма артылып қалады. Ал әр кірпіге екі алмадан берсе, екі алма жетпей қалады. Неше кірпі бар? Неше алма бар? (3 кірпі, 4 алма)

Желтоқсан айының соңғы күнінде Алдар зерігіп келе жатып досына былай депті.

- Алдыңғы күні 13 жаста едім, келесі жылы 15 - ке келемін. Сонда менің туған күнім қашан?

Жауабы: Алдыңғы күні деп желтоқсанның 29- ын айттым. Желтоқсанда мен әлі - 13 жаста болғам. Қаңтарда 14 жасқа толамын. Келесі яғни, тура бір жыл өткен соң мен 15 жаста боламын.

Немересі атасынан: Жасың нешеде? деп сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді. Атасының жасы нешеде?

Жауабы: атасы 66 жаста

Ертегілер елінде:

Тапсырма: Ертегідегі «қанатты тұлпарды» бейнелеңіздер.

Өлең шумағын жалғастыр...

Туған тілім - бабам тілі - өз тілім!

Туған тілім - анам тілі - өз тілім!

Туған тілім - далам тілі – өз тілім!

Туған тілім - адам тілі - өз тілім! Дихан Әбілов

Әріптер сыр шертеді

Т – дыбысы

1 – тапсырма.

Т – дыбысынан басталатын сөйлем құрауға болатын сөздер айт.

2 – тапсырма.

Тек қана «Т» дыбысынан басталытын сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап жаз.

Мозайкамен жұмыс

Жаңылтпаш

Біреуі көрікті кісі,

Біреуі бөрікті кісі.

Көкрікті кісі – зорықты,

Бөрікті кісі – қорықты.

 

Есім есі кетіп есінеп отыр екен.

Ол несіне,

Есі кетіп есінеп отыр екен.

 

Омар ора алар,

Омар ора алмаса,

Орал ора алар.

 

Ғарышкер ұшты ғарышқа.

Ғарышқа ұшты ғарышкер.

Айтшы, ғарыш алыс па?

Сұрақты оқи отырып тақырыпты анықта

Ертеде бір бала болыпты?

Ол керемет өнер иесі болған екен.

Көшеде келе жатқан бала бір адамды кезіктіріпті.

Бала ол адамның жауабына назалы болады.

Уақыт өте бала адам сенгісіз дәрежеге қол жеткізеді.

6. Бала керемет түс көреді?

7. Кенет ойламаған керемет оқиға болды?

8. Баланың өнері шырқау шегіне жетеді

9. Кенеттен болған түсініксіз жағдай

10. Опық жеген бай

 

Қабақты, қыр мұрынды, қара бала,

Көзі өткір, қиялы ұшқыр, ойы сара.

Отырады ол Отырарда кітап оқып,

Көзіммен көргендеймін бүгін ғана.

Кім білмес жер жүзінде Фарабиді!?

Ондай жан сирек болған аты сыйлы.

Киіз туырлық қазақтан шыққан сабаз,

Ақылы дария дана екен, аса милы. (Әбу Насыр Әл - Фараби)

Сұрақ: Өлең шумақтарында кім туралы айтылған? Ол тұлғаны ақын қалай сипаттаған?

 

Автор: осылай бай білімді азаматтар мен азаматшалардан жеңіліп қолын бір сілтеп өз жөніне кетіп қалыпты.

Бай: Ой сендерден пайда жоқ екен. Өз ойым өзіме. Жүріңдер кеттік.

Алдар: А аа сау бол байеке. Құдай қалас үйіме қонаққа келерсің.

Автор: осылай әркім өз жайын тарқасты. Менің де ертегім аяқталды.

 

Сабақты қорытындылау: Ойынды қорытындылау әділ – қазылар алқасына беріледі. Әділ – қазылар оқушылардың ұпай сандарын есептен оқушылардың жұмыстарына өз бағаларын береді.

в формате Microsoft Word (.doc / .docx)
Комментарии

В требованиях и рекомендациях к конкурсным работам указано: "10. Конкурсные работы должны быть представлены на русском языке."

5 February 2016

А мне помогла интуиция.

6 February 2016

Пожалуйста, добавьте перевод.

7 February 2016